Қоғам

Петропавлда латын әліпбиін үйрету орталығы ашылды

Жанат Мұхамеджанов – “Қызылжар” қосымша білім беру орталығының директоры

– Бұл орталықта ересек тұрғындармен жұмыс жасаймыз деп ойлаймын. Себебі, жастар бүгінгі күні латын графикасымен таныс.

Елбасы қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа үстіміздегі жылдың 26-шы қазанында қол қойған болатын. Ал 2018-ден бастап қызметкерлерді даярлап, жаңа қаріптегі оқулықтарды әзірлеу керектігін айтты. Бүгін орталықтың ашылуына келген зиялы қауым өкілдері де осы тақырып төңірегінде ой өрбітті. Әскери тарихшы және “Колесо истории” ҚБ мүшесі Данияр Қасымовтың айтуынша қазақ тілі латын графикасына көшпейді, керісінше қайта оралады. Себебі, кириллицаға біз латын қарпінен ауысқанбыз. Бір сөзбен айтқанда бұл өзгеріспен түркі әлеміне жақындай түсеміз.

Данияр Қасымов – әскери тарихшы, “Колесо истории” ҚБ мүшесі:

– Біз түрікше түсінбейміз. Бірақ, бізге олардың сөзін латын қарпінде жазып берсе оқып, түсіне аламыз. Кей сөздерін айтқан кезде дыбысталуы біздікіне жақын келеді. Сол арқылы мағынасын түсінеміз.

Жалпы орталықта сабақтар аптасына екі рет өткізілмек. Егер сұраныс болса, сағаттар саны да артпақ.

Риат Шони