МТРА жаңалықтары

Өңір делегациясы жұмыс сапарымен Ресейдің Челябі қаласына барды

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

–  Бізге университет қабырғасында құрылған it-орталық ұнады. Ол жерде қызықты жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Біз алдағы уақытта ірі форум өткіземіз. Сол себепті ресейліктерден тәжірбие алуымыз қажет. Қазір қаламызда үлкен оқушылар сарайы тұрғызылуда. Сонда it-орталық ашық жоспарда бар.

Бұл – Челябі мемлекеттік университеті. Мұнда бағдарламашылар мен ақпараттық технология мамандары оқиды. Олар теориялық және практикалық тұрғыда да сапалы білім алып жатыр.

Михаил Политов – Челябі мемлекеттік университетінің ақпараттандыру жұмысы бойынша проректоры, РФ:

– Біз алдымен студенттерімізге базалық білім береміз. Ғылымға үйретеміз. Мұны меңгермей жақсы нәтижеге қол жеткізе алмайсын. Бұл – математика және ақпараттық технология институтының факультеті. Осында жастар қазіргі экономика талаптарын үйренеді. Яғни, жасалған жұмысты енгізу, қабылдау, сату істерін терең меңгереді.

Студенттер оқу ордасында алған білімдерін іс жүзінде жүзеге асырулары тиіс. Сол себепті жастар өндіріс ошақтарына жиі барады. Заводтардағы жұмысты байқап, өз мамандығының қыр-сырын жетік меңгереді.

Юлия Петриченко – Челябі мемлекеттік университетінің ақпараттық технология институтының директоры, РФ:

–  Университетте арнайы сайт бар. Ол жерге кәсіпорындар өздерінде қандай да бір дүниені жасап шығару немесе енгізу үшін өтініш жазады. Сосын біздің стдентер тапсырысты орындайды. Осылайша тәжірбие жинақтап, білімдерін арттырады.

Қазір мына оқу залында стденттер қызықты тапсырманы орындап жатыр. Олар туристер мен инвесторларға арнап климаттық жағдайды хабарлайтын арнайы бағдарлама әзірлеуде. Осы қызмет түрін іске қосу үшін топ болып жұмыс істеуде. Ал, бұл желілік оқыту лабороториясы. Мұнда айти-инфоқұрылымды жасап шығаруға болады. Бұл жерде тәжірбиелерін толықтыратын ұл-қыздар ғаламтор-қосымшаларын қолданысқа беріпті. Жас өнертапқыштардың жобалары мен бағдарламары өздеріне табыс әкелген.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Бұл өте дұрыс. Студенттер әзірлеген тың жобалар өздеріне табыс әкелгені жақсы. Мұндай жұмыстар орта білім беретін оқу ошақтарында да жүргізілуі керек. Сонда оқуға деген қызығушылық артады.

Солтүстікқазақстандықтар білім ордасымен әріптестік орнатып, өзімізге осындай іt-үлгісіндегі нысан тұрғызуға ниетті. Мұнда жас информатиктер жұмыс атқаруда. Кең бөлмелер, демалыс залы мен асхана бар. Мамандардың көпшілігі кеңсемен үйден көрі осындай заманауи орталықта қызмет етуді қалайды екен. Нысанның үстіңгі қабаттарында басқа да компаниялар жұмыс істейді. Астында үлкен мәжіліс залы орналасқан. Құмар Ақсақалов мұндай орталықты СҚО ашу керектігін айтты.

Байболат Бектемірұлы