Қоғам

«Мені шыңдаған Серпін» республикалық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді

Айдарбек Сапаров – СҚО әкімінің бірінші орынбасары:


– Республикалық «Серпін» бағдарламасы Оңтүстік пен Батыстың зор үміт күтетін мыңдаған ұл-қыздарын Солтүстік пен Шығыс қазақстан облыстарының сапалы білім алып кәсіби маман иеленіп шығуына зор мүмкіндік береді. Біздің өңірімізде Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан 1190 студент білім алуда. Облысымыздың 5 колледжінде оқып жатқан 524 студент 11 техникалық және кәсіби мамандықты және СҚМУ оқитындар түрлі мамандықтарды игеретін болады.

9 өңірден келген 80 студент 2 күн бойы сайысқа түсіп, жеңімпаз болу үшін таласқа түспек. Солардың бірі Орал қаласындағы Бөрілі колледжінің 4 курс студенті Бақытжан Тәңірберген.

Бақытжан Тәңірберген – Бөрілі колледжінің 4 курс студенті, БҚО:

– 2 күн дайындалдық. Монтаждадық, схема бойынша құрастырдық.Тек оқуда ғана емес, отбасымда да керек мамандық. Барлық жерде көмектесе аламын.

Елбасының бастамасымен қолға алынған «Серпін» жобасының жұмыс істеп жатқанына 4 жыл болды. Осы аралықта талай жас жұмыс күші қажет өңірлерде білім алған.

Күлзия Тобатаева – “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ Ұлттық жобалар басқармасының басшысы, Астана қаласы:


–  15 мың студент бар. 26 ЖОО 13 мың студент 37 колледжде 3 мыңға жуық студент білім алады. Солар қандай нәтижеге қол жеткізді деген кәсіби байқауды өткізіп жатырмыз. Байқаудың негізгі мақсаты олардың білімінің біліктілігін тексеру. Және елімізге біз қандай маман болатынытынымызды көрсету үшін ұйымдастырдық.

Байқау жеңімпаздары ертеңгі күні Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында марапатталатын болады.

Мағжан Ахмадина