Виктор Садовничий, Ресей ректорлар кеңесінің президенті , М.Ломоносов атындағы ММУ ректоры:
– Біздің міндетімізді президенттеріміз айқындап берді. Білім берудің әу бастағы іргетасын сақтау керек. Нұрсұлтан Әбішұлының ойынша, егер білім – басты құндылыққа айналса – ұлтты тек жетістіктер күтеді. Қос елдің саясатының жүйесі де осы.
Қағазға түскен жоспарлар жүзеге асуы үшін бірінші кезекте не істеу керек? Мінберге шыққан әр қатысушының тұжырым-идеялары бар. Оны әріптестерімен серіктесіп жүзеге асыруға дайын. Мысалы, Орал федералды университеті ұсынған бірлестік. Таңдалған тақырып – жасыл экономика. Табиғи ресурстарды сақтау, қоршаған ортаға келтірер зиянды азайту, қалдықтарды қайта өндіру. Оқу орнының мақсаты осы. Олар өздеріне серіктес ретінде Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін шақырып отыр.
Виктор Кокшаров, Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералдық университетінің ректоры,Екатеринбург қаласы, РФ:
– Біз ұсынып отырған бірлестік – Тиянақты кадрлық дамыту және заманауи басқарушы кадрлар дайындау мақсатында ЖЖО-ры қауымдастығының әлеуетін біріктіреді. Бұл бірлестік – БҰҰ-ның 66 сессиясында ҚР бастаған “Жасыл көпір” серіктестер жобасының негізінде жұмыс жасап, міндеттер мен идеяларды дамытудың оңтайлы формасы.
Цифрландыру тақырыбын айналып өту мүмкін емес. Заман талабы осы. Жастардың еркін меңгеруі үшін де сандық білім беру жүйесін дамыту керек дейді, Георгий Калягин. Мұндай жобаны Оңтүстік-Орал мемлекеттік университетінің базасындағы ғылыми – өндіріс институты дайындаған. Стенд, тренажер және интерактив түріндегі жәрдем. Бүгінде олардың жобасын тек университеттерден ғана емес, өндіріс ошақтарынан да кезіктіруге болады. Қазақстанда да бар екен.
Георгий Калягин, Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті “Оқу техника және технолонгиясы” ғылыми-өндіріс институтының директоры:
– Университет ішінде орналасқан жалғыз ғылыми-өндіріс құрылымы. Бұл – интелектуалдық, әдістемелік, өндірістік мүмкіндіктер бірлескен технопарк. Мұнда 4000-нан артық ғылыми техника құрастырылып, мақұлданып, түзетіп, кейін барлық білім беру мекемелеріне таратылады.
Жиынға қатысушылар әлемдік талапқа байланысты жүйе де өзгеріп оытрады дейді. Жаңа тәсіл, жаңа әдістер, жаңа міндет. Дамудың бүгінгі даңғыл жолы – сандық экономикаға көшу.
Ирина Ровнякова, С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті ректорының міндетін атқарушы:
– 4.0 Жаңғырту – бұл жаңа өзгерістер, дамуға әсер ететін экономикалық факторларды ескергендегі ЖОО-ның трансформациясы. Сондықтан қазір барлығы біздің экономикамыздың деңгейіне байланысты. Индустриялдық және экономикалық даму, цифрлік экономикаға көшу – бұл жаңғыру. Біздің оқу орнында смарт-университет сияқты бағдарламаны жүзеге асырудамыз.
Оқу үрдісі де өзгерістерді талап етеді. Еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандар қажет. Елбасы Н.Назарбаев мұндай міндетті Қазақстанның алдына Ұлт жоспарында қойды. Елдің білім беру жүйесі белсенді жаңғырту сатысында.
Жұмахан Мырхалықов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры:
– Бүгін Қазақстанда біліктілікті арттырудың ұлттық жүйесі бар. Біздің ЖОО-да білім беру бағдарламаларының негізін қалыптастыратын кәсіби стандандарттарды құруда ауқымды істер атқарылуда. Біз келешекте технологиялар мен өндіріс дамуын есепке ала отырып, болашақ мамандардың құзыретін арттыратын ғылыми-өндіріс кешендерін және салалық кеңестер құру жолын таңдадық.
Мұнадй тәсіл еңбек нарығы үшін ыңғайлы. Қандай маман керек, оқуын аяқтаған студенттің қандай қарым-қабілеті болуы шарт? Енді шартты жұмыс беруші қояды. Идеяға ресейліктер қызығушылық танытуда. Өз кезегінде қазақстандықтар көршілердің ғылыми тәжірибесіне көңіл аударуда. Мәселен жас ғалымдар студенттік шақтарынан өз жобалары арқылы пайда табады.
Серик Омирбаев, ректор СКГУ им. М.Козыбаева:
– Орал мемлекеттік университетінің ректоры стартаптардың дамуы, бұл реттегі әріптестік үшін бюджеттен қаржы бөлінуі және жас аспиранттарды ғылыми жұмыстарға тарту жайлы айтты. Былтыр мұндай тәжірибе бізде СҚМУ-де болды. Біз жас ғалымдар үшін қаржы бөлдік. Ал, келер жылы студенттік стартаптар үшін қаражат қарастырамыз.
Бірнеше панельдік отырыстар мен әріптестік жөніндегі меморандумдарға қол қоюлар. Мұндай кездесулер Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтыстығы форумы аясында бірінші рет өткізіліп, 300-ге жуық ЖОО-ның ректорлары қатысты.
Акбопе Танирберген