Құқық қорғау органдары

Заңсыз жолаушы тасымалдаумен күресу жұмыстары жалғасуда

Андрей Ткач – такси жүргізушісі:


– Айыппұлды төлеп, ойлана келіп, жеке кәсіп ашуды ұйғардым. Енді азаматтарды заңды түрде тасымалдаймын. Тәртіп сақшылары тоқтатса, жолаушыларды сақтандыру, техникалық байқау құжаттарын көрсетемін. Олардың бәрі бар.

Ал мына азамат жолаушыларды Есіл ауданына апара жатқан уақытта ұсталған. Жүргізушіде қажетті құжаттардың ешқайсысы болмай шықты. Заңсыз кәсіптен нәсіп табуды көздеген таксист енді 15 айлық есептік көрсеткіш, яғни 30 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Таксистердің заңды қызмет көрсетуі, ең алдымен, жолаушылар қауіпсіздігінің кепілі екендігін қаперде ұстаған жөн. Жолаушы тасымалдап тиын табуды ниет еткендер қажетті құжаттарды рәсімдеуі тиіс.

Шәмшиден Ақышов – Петропавл қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

– Әр таксист салық комитетінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Онымен қоса, жолаушыларды сақтандыру полисі мен тоқсан сайынғы техникалық байқаудан өткені туралы құжаттың болуы шарт.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары жолаушы тасымалымен заңсыз айналысқан 17 солтүстікқазақстандық азаматты жауапқа тартқан.

 

 

Саят Ермек