Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда “Qamqor” мобильді қосымшасы таныстырылды

Бұл қазақстандықтардың шамамен 4-тен бір бөлігін теріскейліктер құраған. Арнайы мобильді қызмет түрінің іскер азаматтарға тигізер көп көмегі бар. Оны пайдалану арқылы бизмендер мемлекеттік орган өкілдері жүргізетін заңсыз тексерулерді болдырмайды.

Айдар Мұқанов – Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң СҚО бойынша басқармасының бөлiм бастығы:


–  Мемлекеттік орган өкілдері кез-келген өндіріс ошағына тексере барғанда актыны көрсетеді. Ол құжатта арнайы нөмір болуы міндетті. Сол сандарды бизнесмен “Qamqor” қосымшасына теру қажет. Сонда тексеруге келген мамандар жайлы барлық ақпарат шығады. Олардың қандай мекемеде қызмет ететіндіктері жазылады. Тағы, бақылау шараларының уақыты да көрсетіледі.

Егер де тексеріс жұмыстары “Qamqor” қосымшасында көрсетілген уақыттан артық жүргізілсе, мамандардың аты-жөндері, қызметтері сай келмесе бұл заңбұзушылық болып есептеледі. Мұндай жағдайда кәсіпкер мобильді сервис арқылы хат жазуға мүмкіндігі бар. Сонда Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң СҚО бойынша басқармасының өкілдері іске кірісіп заңсыз тексерістің алдын алады.

Айдар Мұқанов – Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң СҚО бойынша басқармасының бөлiм бастығы:


–  “Qamqor” мобильдік қосымшасы іске қосылғалы бері 34 заңсыз тексеріс тоқаталды. 2 құқық бұзушылық фактісі анықталды. Нәтижесінде 2 мемлекеттік орган өкіліне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Тағы, “Qamqor” қосымшасына тіркелу арқылы кәсіпкерлер алдағы болатын тексерістер жайлы ақпарат алады алады. Оларға мемлекеттік орган мамандары жүргізетін бақылау шаралары алдын ала хабарланып тұрады.

Жеңіс Қазиев – СҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

– Бүгінгі таныстырылып отырған қосымша кәсіпкерлер үшін өте тиімді. Олар осы сервисті пайдалану арқылы заңсыз тексерістердің алдын алады. Құқық бұзушылықтардың орын алуына жол бермейді. Әрі бұл қосымша бақылау жұмыстарының мөлдірлігін қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, кәсіпкерлер “Qamqor” мобильді қосымшасын ұялы телефондарына “App Store” және “Google Play Market” арқылы жүктей алады. Онда тіркелу үшін жеке сәйкестендіру нөмірі мен жеке куәліктің көшірмесі жеткілікті.

 

Байболат Бектемірұлы