МТРА жаңалықтары

Мен мемлекеттік қызметті таңдаймын

Туяна Тукчинова:

– Радиотехник мамандығын біздің М.Қозыбаев атындағы СҚМУ бітіргенмін. Осыған дейін мемлекеттік қызметте істеген емеспін. Енді міне, ойластырып жүрмін. Жәрмеңкеге келіп, бірқатар органдардың шарттарымен таныстым. Үйге барғасын ойластыратын боламын.

Туяна сияқты өзін мемлекеттік қызметте көргісі келетіндер мұнда аса көп болған жоқ. Жұмыс іздегендерге қарағанда, жұмыс берушілер саны басым болды. Қаз қатар тізілген 30 ведомстаның арасында ең көп бос орындар, соттар мен облыстық қоғамдық денсаулық сақтау, әділет, ішкі істер және мемлекеттік кірістер департаменттерінде жарияланып отыр. Соңғылары қалалық және аудандық басқармаларына ұзын саны 26 маман іздестіруде.

Сәуле Есенаева – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті адам капиталы ресурстары басқармасының бас маманы:


– Негізгі біздің департаментке өту үшін мамандар экономика, құқықтану және кейбір лауазымдарға информатикалық білімі бар мамандар керек. Барлық ақпаратты сайттан да көруге болады.

Жалпы өңірде мемлекеттік қызметте 464 бос орын бар. Аудандар арасында мемлекеттік қызметке ең көп бос орындар Қызылжар, Шал ақын және Есіл аудандарында жарияланған. Ал басқармалар ішінде бұл көрсеткішті ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау басқармалары бастап тұр. Бұл көштен аумақтық мемлекеттік органдарда қалыс қалмайды. Жалпы халыққа қызмет етемін дегендер мынадай талаптарға сай болуы керк.

Ғалым Тұрсынбаев – Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Мемлекеттік қызметке білімді, білікті, кәсіби даярлығы жоғары, патриоттық азаматтар.Тиісті білімі болуы керек. Төменгі лауазымдарға орта кәсіби біліммен де болады. Одан жоғары лауазымдарға жоғары білімі болуы керек. Және тесттен нәтижелі өту керек.

Ал мемлекеттік қызметшілерге әзірге мұқтаж емес ведомствалар да бар екен. Олардың қатарына индустриалдық инновациялар даму, дін істері, тілдерді дамыту басқармасы мен экология, қылмыстық атқару жүйесі департаменттері кірген. Мұнда халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары да келген. Олар жұмыс іздеушілерге қандай құжаттар керек екіндігін айтып, түрлі кеңестер беруде.

Мағжан Ахмадина