Өнеркәсіп

Биыл “Молсервис” ЖШС жылдық қуаттылығын 1,5 мың тоннаға жеткізді

Тауарлары Көкшетау және Қостанай қалаларында да жоғары сұранысқа ие. Тапсырыстың артуына байланысты мұндағылар өндіріс көлемін 500 тоннаға артырып, жылдық қуаттылығын 1,5 мыңға жеткізді. Сонымен қатар, келесі жылдан бастап қаймақ шығармақ.

Сергей Чепурко – “Молсервис” ЖШС директоры, Қызылжар ауданы:


– Біз шикізатты өңіріміздің 4 ауданынан және Ақмола облысының Щучинск ауданынан аламыз. Соңғысы бізге жылына 1200 тонна ақ тасиды. Осының арқасында қыс мезгілінде бізде шикізат тапшылығы туындамайды. Сүт зауытымыз ірімшік, айран, сары май сынды сүт өнімдерінің 13 түрін шығарады.

Шикізаттың сапасы мен оның өңделу процесін Елена Хуторная қадағалайды. Нәзік жанды өзін басқа мамандықта елестете алмайды. Еңбеққорлығының арқасында зертханашыдан бастап сүт цехы жетекшісіне дейін көтерлген. Биыл жерлесіміздің еңбегі облыс деңгейінде бағаланбақшы.

Елена Хуторная – “Молсервис” ЖШС сүт цехының жетекшісі, Қызылжар ауданы:

– Жұмысым өзіме ұнайды. Бұл ұжымда 20 жылдан артық еңбек етудемін. Кейбіреулері ет жақыныма айналды. Жұмысым жеңіл емес. Асқан мұқияттылықты және жауапкершілікті талап етеді. Мен ауылдардан келген шикізаттардың сапасын тексеріп, өнім сұранысына сай қабылдайтын ақтың мөлшерін реттеп отырамын.

“Молсервис” компаниясында барлығы 120 жұмысшы еңбектенеді. Орташа айлықтары 111 мың теңгені құрайды.

Берік Қасен