Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД музейін жас мамандар мен студенттер аралады

Кейін жиын қатысушылары музейді аралады. Экскурсия барысында жас мамандар мен студенттерге өңірлік ішкі істер департаментінің кешегісі мен бүгіні, еліміздің тарихы жайлы сыр шертілді. Оны құжаттар мен ескі заттар ғана емес, жанды экспонаттар да жеткізді.

Жәдігерлерге толы сөрелерге асқан қызығушылықпен қарап тұрғандардың бірі – криминалист Салтанат Сейітова. Қалалық ішкі істер бөлімінде бойжеткен тек 1-ші жыл қызмет етуде. Бүгін өзі еңбек етіп жатқан органның тарихымен танысу мүмкіндігіне ие болғанына қуанышты.

Салтанат Сейітова – Петропавл қалалық ІІБ қызметкері:


– Музейге бірінші рет келіп тұрмын. Алған әсерім керемет. Жәдігерлерді бәрі өңір полициясының бай тарихын ашады. Криминалист – қандай да бір қылмыс тарихын ашумен айналысатын маман, бұл саламын менің жұмысым тығыз байланысты. Сондықтан бүгінгі экскурсияның жұмысыма серпіліс берері анық.

Қалалық құрылыс-экономикалық колледжінің студенттері де экскурсия жетекшісін ұйып тыңдауда. “Серпін-2050” мемлекеттік бағдарламасы бойынша еліміздің оңтүстігінен теріскейге келген жастарды жергілікті тарих қатты қызықтырған.

Оразәлі Сағынбаев – Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті:

– Полицейлердің киген киімдерімен, құрылғыларымен, жетістіктерімен таныстық. Маған мұражай қатты ұнады.

“Рухани жаңғыру” бағдарламасының жүзеге асу барысын жастарға түсіндіруден өңір тәртіп сақшылары да шет қалмауды жөн көрген.

Сән Жұмағазина – СҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бас маманы:

– Бұл шараның мақсаты СҚО таризы арқылы өңірлік полицияның тарихымен жастарды таныстыру болып табылды. Барлығы 20-дан аса адам қатысуда.

Биыл облыстық ІІД музейіне 28 жыл толып отыр. Қазір мұнда 300 жылды қамтитын ұзын саны 4000-нан аса экспонат бар. Мамандар мен студенттер оларды көзбен көріп, қолмен ұстау мүмкіндігіне ие болды.

Саят Ермек