Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД мамандары қызметтерінде «Сот кабинеті» жүйесін пайдалана бастады

Серік Тоқтарбаев – СҚО ІІД заң бөлімінің басшысы:

– “Сот кабинетіне” сот ісі кіреді. Оның ішінде азаматтық, қылмыстық, әкімшілік сот істері қарастырылған. Сондай-ақ, мұнда өтініштер, шағымдар жазып, пікір алмасуға да болады. Мұның барлығын құқық қорғау органдарының, сот органдарының өкілдері мен заңгерлер қолданады.

«Сот кабинеті» жүйесін, әсіресе, тергеу және анықтау бөліністерінің қызметкерлері күнделікті жұмысында пайдаланады. Кез-келген уақытта сот құжаттарының қозғалысын бақылап, істің тарихымен танысып, сот актілерін және қаулыларын көре алады.

Серік Арғын – СҚО ІІД тергеу басқармасының тергеушісі:

– ІІД-нің заң бөлімінде кездесу өткізіліп, оның барысында «Сот кабинеті» сервисінің мүмкіндіктері туралы айтылды. Бұл ақпарат, бірінші кезекте, жас қызметкерлер үшін өте пайдалы. Сот актілерін қарау қолжетімді. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғаларға қатысты ақпаратты алуға мүмкіндік бар, сондай-ақ, түрлі санаттағы сот істерімен танысуға болады.


10 ай ішінде облыстық ІІД-нің тергеу және анықтау бөліністерінің қарауына 13 400 астам қылмыстық іс түскен болатын. Бүгінде сол құжаттардың 9050-і аяқталды. 2 626 іс сотқа жөнелтілген.

Берік Қасен