МТРА жаңалықтары

Қазақ тілінің латын графикасына көшуі талқыға түсті

Интернет технологиялар дамыған заманда латын қаріпі керек-ақ. Себебі, ол оқушының бәсекеге қабілетті болуының кепілі. Бұл бірқатар петропавлдық мұғалімдердің пікірі.

Гүлнар Таласпаева, №7 мектептің директоры:

– “Екінші нұсқаға сәйкес бұл жерде қазақ тіліне тән дыбыстар ескерілді. Насихаттау талқылау жұмыстары мол өткізілді деп ойлаймын. 2020 жылдан бастап біздің балаларымыз 10-11 сыныпта ағылшын тілінде төрт пәнді оқиды. Егер қазірден бастап олар латын қаріпін меңгерсе оларға жеңіл болады.

Мемлекеттік тілді латын қаріптеріне ауыстыру тек оң нәтижесін беретініне жастар да кәміл сенімді.

Әділ Бейсенбаев, “Жасыл ел” облыстық штабының менеджері:

–  “Елбасы бұл жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асыруды тапсырды. Бұл бізді қуантады. Бірден енгізсе ол қоғамға соққы болар еді. Ел тұрғындары бірінші бұл ұсынысты талдап, пайдалы және зиян жақтарын тізіп үлегерді. Мен бұрыннан ағылшын әріптерімен жазамын. Достарыммен ересектерге, білмейтіндерге үйретуге әзірмін.

Солтүстікқазақстандықтар латын графикасына көшу тақырыбын әлі де болса қызу талқылап жатыр.

 

Акбопе Танирберген