Без категории

Қазан төңкерісіне – 100 жыл

Сол кезде Ресей Кеңестік Социалистік Республикасы Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы ретінде Владимир Ленин сайланды. Бүгінгі датаға орай жерлестеріміз қаламыздағы бұрынғы “күн-көсемнің” ескерткіші маңына жиылды. Олар ескерткіш басына қызыл қалампыр гүл шоқтарын қойып, ірі одақтың көшін алға сүйреген жанды еске алды. Теріскейліктер бүгінгі шара арқылы тарихи тұлғаға құрмет көрсетпек.

Анатолий Куликов – зейнеткер:


–  Владимир Ленин – жаңа мемлекет құрған адам. Оның коммунистік партиясы халықтың жағдайын жақсартты. Сол кісінің арқасында қоғамның байлығы халықтың қолына өтті. Елде жаңа өндіріс ошақтары ашылды. Өзіміз сол кәсіпорындарға қызмет жасадық. Мен өзім Куйбышев зауытында 23 жыл тер төктім. Жұбайымда сол жерде жұмыс істеді.

Вера Еликова – зейнеткер:

– Мен 1992 жылдан бері осы есткеркіш басына келемін. Гүл шоқтарын қойып, еске аламын. Бүгін де ескі әдетім бойынша осы жерге келдім. Бұрындары қарашаның 7-сі күні бұл маңда 70 шақты адам болатын. Қазір қатарымыз азайды.

 

Байболат  Култанов