Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мамлютка қаласында құс төсек әзірлейтін кәсіпорын жұмыс істейді

Юлия Хайрутдинова – “Хайрутдинова” ЖК директоры, Мамлют ауданы:


–  Біз басында құс мамығынан жасалынған ескі жастық пен көрпелерді қайта қалыпқа келтірумен айналысуды көздедік. Өзімізде қаржы болмағандықтан “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қор” АҚ СҚФ-ы арқылы 1 млн 400 мың теңге несие рәсімдедік. Бұл ақшаға арнайы қондырғы мен түрлі керек-жарақтарды сатып алдық. Матаны Белградттан алдыртамыз. Ол “жолақты тік” деп аталады. Оның ерекшелігі ауа өткізгіш қабілеті жақсы, және құс төсекке салынған мақта ішінде әрлі-берлі кетіп қоя бермейді.

Юлия Хайрутдинованың бизнестегі әріптесі – Сергей Жуков. Отбасысы тігіншілер династиясы. Бұл өнер атадан балаға тарапты. Бүгінде Сергей мына қондырғының көмегімен мамықты жастық, көрпе мен құс төсектің ішіне салып, дайын болған өнімді тігеді. Белградттан әкелінген аппараттың көмегі зор дейді.

Сергей Жуков – “Хайрутдинова” ЖК технологы, Мамлют ауданы:


–  Бұл қондырғыға салынатын қауырсын дымқыл болмауы керек. Жастық, көрпе мен құс төсектің барлығы вакуум арқылы толтырылады. Әрбірінің өз стандарты бар. Үлкен жастыққа сәйкесінше мамық көп қажет. Қондырғының жұмысы жеңіл. Қауырсын камераға салынып, ультра сәулемен қайта өңделеді, кейін фильтрға айдалады. Ал одан жастыққа, немесе көрпенің ішіне салынады. Қауырсыннан шыққан барлық қоқыстар аппарат ішінде тазартылады.

Өнімдерді әзірлеуге “Хайрутдинова” ЖК қажеттілігі бойынша аудан тұрғындарынан қаз бен үйректің қауырсындарын сатып алады. Келісі 500 теңге. Ал дайын жастықтың құны 2500, көрпенікі 14 мың мен 17 мың теңге аралығында. Тауарларды әзірге жергілікті жерде саудалайды және тапсырыс бойынша жұмыс істейді.

 

Риат Шони