Өнеркәсіп

Кәсіпкерлік және туризм саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Оның екеуі биыл мүлдем сұранысқа ие болмаса, тағы бірі, яғни туристік қызметке лицензия алу үшін небары 3 кәсіпкер жүгінген. Олардың барлығы Айыртау ауданында бизнесін жасап жатқандар. Ал кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қызметтер көбірек пайдаланылады екен.

Құралай Жарова – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

 

– Солардың ең танымалы екінші деңгейлі банктерден алған несиенің пайыздық үстемеақысының сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау. Оны жыл басталғалы 126 кәсіпкер пайдаланған. Жалпы басқарма биылғы жылы 182 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті. Оның 179-ы қағаз ал, қалған 3-уі электронды нұсқада көрсетілген.

Жалпы басқарма көрсететін барлық мемлекеттік қызмет түрлері бойынша ақпарат сайтта орналасқан. Мемлекеттік бағдарламалар төңірегінде сұрақтар туындаса маманның кеңесін алуға да болады. Бұл жобаларадың ісін жаңадан бастаймын дегендер үшін пайдасы мол. Оны жеке кәсіпкер Гүлшат Шәкірова жақсы біледі. Олар 2015 жылдан бастап өз ісін ашып, тазалыққа арналған «аналит» құралын шығара бастаған.

Гүлшат Шәкірова – «Шакирова» ЖК директоры, Қызылжар ауданы:
–  2016 жылы біздер облыс әкімінің грантын жеңіп алып, құрылғылар алдық. Сөйтіп, ақырындап бизнесімізді дөңгелетіп жатырмыз. Шығаратын құрал тазалыққа ғана емес, аурулардан емдеуге де арналған. Жалпы мемлекеттік бағдарламаға қатысу ісін жаңадан ашқандар үшін өте тиімді. Мамандар кеңес береді. «Даму» қорының қызметкерлері бизнес жоспар құрады. Бір сөзбен айтқанда жан жақтан көмек беріледі. Тек қорықпай іске кіріссең болды.

Жалпы бүгіндері өңірде шағын және орта бизнеспен 28 мыңнан астам адам айналысады. Олар жыл басталғалы 154 млрд теңгенің өнімін шығарған.

Магжан Ахмадина