МТРА жаңалықтары

Жыл басынан 3 солтүстікқазақстандық шетелде Денге безгегін жұқтырып алды

Толқын Қаженова – СҚО бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментi Карантиндік және аса қауіпті инфекциялар эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы:

– Отандастырымызды шетелде маса шағып алыпты. Ауру белгілері 4-10 күнен кейін біліне бастаған. Дене қызуы 39-40 градусқа дейін жоғарылапты. Бастары, бұлшық еттері және буындары ауырып, бойларында әлсіздікті сезініпті. Денелері бөртіп кеткен. Жүректері айнып, құсқан. Эндемиялық елдерге демалуға шыққан демалушылар сақ болған жөн. Жақын медициналық мекемеге барып қаралу керек.

Шетелге шығуға дайындалып жүрген жерлестеріміз де сондықтан қарапайым алдын-алу шараларын ескерген абзал. Осыған орай мамандар оларға бірнеше қарапайым кеңестерін беруде.

Толқын Қаженова – СҚО бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментi Карантиндік және аса қауіпті инфекциялар эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы:


– Демалыс орындарына барған кезде, қонақ үйдің терезелерін торлау қажет. Өзіңізбен бірге спрей, гель , крем алып, оны қолданып жүріңіз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде Денге қызбасын 50 млн адам жұқтырады. Соның 0,04 пайызы қайтыс болады.

Берік Қасен