Қоғам

Облыс орталығында Айыртау ауданының мәдени күндері өтті

Қала тұрғындары көрмені тамашалап қана қоймай, құнды тарихи деректерден де мол мағлұмат алды. Мәселен мына қолжазбалардан Ресей патшасы Александрдың 2 нің Ш. Уалихановқа табыстаған марапаттарын көруге болады.

Уәлихан Құлбаев – Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайдың директоры:

–  Шоқан бастаған саяхат Семейден басталды.


Ауданның атынан келген 10 этномәдени бірлестік өкілдері болса, өздерінің ұлттық тағамдарын дайындап, әдет-ғұрыптары мен ырымдарымен таныстырды.

Бұл “Қазақ халқының” мәдени бұрышы. Есесіне, қазақтың ұлттық тағамдарын молынан дайындаған. Ерекшесі – дастарханда бауырсақтың 14 түрі қойылыпты. Соның ішінде қала тұрғындары «санзаға», яғни шиырпақ атты дәмге ерекше көңіл аударған. Ол Шығыс Қазақстан өңірінде аса танымал екен. Дәмі тіл үйірер асты Семей қаласының тумасы, қазіргі уақытта Айыртау ауданының тұрғыны Айсұлу Нұрбахтинова өз қолымен жасапты. Нәзік жанды «Қазақ тілі» қоғамында 20 жылға жуық қызмет атқарып келеді.

Айсұлу Нұрбахтинова – «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі:

–  Біздің қоғамда 18 адам бар. Бүгінгі осы мерекге 14 түрлі бауырсақ дайындап әкелдік.
Айыртау ауданының мәдени күндері кеш соңында қойылған гала концертпен әрлене түсті. Жиылған жұрт айыртаулық әншілердің әнін тыңдап, мың бұралған бишілердің өнерін тамашалады.

Концерттен рухани азық алған көрермендер, ризашылықтарын білдірді.

– Айыртау ауданына келіп Қызылжарға өте бір тамаша концерт қойып жатыр.

– Бүгінгі өнерпаздардың көрсетіп жатқан концерті тамаша.

Мөлдір Мақышева