Білім

Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Мерейлі отбасы” байқауы өтті

Үмітжан Қуандықова:


– Ақылды болсың, адамгершіл болсын деп үйретем. Барлық балаларым мен немерелерім өздерінің орнын тапты. Өзімді бақытты әже деп санаймын.

Бүгін Аманжоловтар “Мерейлі отбасы” байқауына қатысуда. Жанұя мүшелерінің барлығы өздерін балаларды оқыту ісіне арнапты. Кәсіби династиялық отбасыда тарих, дене шынықтыру, …. пәндерінің мұғалімдері бар. Сондықтан болар, 16 жасар Салтанат үшін ата-анасынан асқан үлгі тұтар адам жоқ.

Салтанат Аманжолова – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті:

– Менің үлгі тұтар адамдарым бар. Ол – менің ата-анам. Екеуі де ұстаз. Мені тәрбиелі, тәртіпті болуға шақырады.

Байқауға қатысушы отбасылардың дені көп балалы жанұялар. Ерлан мен Әлия Милихановтар 4 қыздың ата-анасы. Үлкендері Гаухар мен Раушан осы мектепте білім алады екен. Қазір отағасы сахна төрінде аяулы жарымен үйлену тойында шырқаған әнін орындауда. Дәл осы туындыдан олардың отбасылық өмірінің тарихы бастау алыпты.

Сайысқа “Мерейлі отбасы” деген атаққа лайықты 5 үлгілі жанұя қатысуда. Өздерін жиналған қауымға таныстырған соң, кезек интеллектуалды ойынға жетті. Сұрақтар әдеттегідей, салт-дәстүр, әдет-ғұрып төңірегінде емес.

Қазылар алқасы болса, сахна мәдениеті, отбасы мүшелерінің өнері мен викторинадағы сауалдарға дұрыс жауап берулерін ескеруде. Сондай-ақ, дәстүрді ұстанып, отбасы құндылықтары мен спорт, мәдениет сынды салалардағы жетістіктерін де сынға алмақ.

Сәулет Мұқанова – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры орынбасарының міндетін атқарушы:

 


– Байқауды жатақханада тұратын балалардың ата-аналары ұйымдастыруда. Сөйтіп, мұғалімдер мен ата-аналар қауымы танысып, білім беру жүйесіне өздерін үлестерін қосады.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл байқау алдағы уақытта дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін болады.

Эльмира Садвокасова