Мәдениет

Ұлттық Дельфий ойныдары өтуде

Оңтүстік Қазақстаннан келген тілші Нұрсұлтан Аббаз шыға салып, әріптесі Қалдыбай Елеуовпен бірге байқауға материал дайындауға кірісіп кетті. Берілген тақырып “Дельфий ойындарының өту барысы”.

Нұрсұлтан Аббаз, Оңтүстік Қазақстан:

– Мен үй тапсырмасына Дельфий ойындарының тарихы жайлы материал жасадым. Қазір кешегі ашылу салтанатын қосып сюжет әзірлеймін.

Мұхиттың әні “Көк айдайды” нақышына келтіре орындап отырған – 16 жастағы дәстүрлі әнші Ақмарал Омар. Бойжеткен Маңғыстау өңірінің үкілеген үміті. Жалпы дәстүрлі ән орындау аталымында 19 күміскөмей қатысуда. Қазылар алқасының оларға қояр талабы жоғары. Мұны ескеріп, Батыстан Солтүстікке тек бас жүлде үшін келдім дейді, Ақмарал әнші.

Омар Ақмарал, маңғыстау облысы:


– Екі ән орындадым. Қарсыластарыма сәттілік, өзіме жеңіс тілеймін.

Ақбөпе Тәңірберген:

– Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының сахнасында жас әртістер өнер көрсетіп жатыр.13-ші Дельфий ойындарына еліміздің 8 жастар театры қатысуда. Әр-қайсысы берілген 15 минут ішінде бір шығармадан үзінді ойнап, бойларындағы дарындарын паш етуі тиіс. Өнерлі қыз-жігіттердің үздіксіз дайындығы қандай нәтиже беруде? Байқап көрейік.

Бетімен кеткен ұры жігіт тонауға келген үйінен өзіне арнап әкесі жазған соңғы хаты тауып алды. Ата-ана алдындағы қарыз бен балаға деген мейірім-махаббатты ұғындыратын Тынымбай Нұрмағанбетовтың Ұрыларын сахнада 18-20 жастағы қыз-жігіттер ойнап жүр. Атыраулық Жастар әуесқой театры қазылар алқасының жоғары бағасынан дәмелі.

Дамир Нұрланов, Жастар әуесқой театры, Атырау қаласы:

– Біз дайындығымыз жоғары. Екінші турға ойнайтын спекталіміз де дайын.

Қаладағы қай мәдени ошаққа бас сұқсаңыз да дарындардың бәсекесі өтіп жатыр. 10-25 жас аралығындағы қыз-жігеттердің жеңіске деген ұмтысы мол.

Ақбөпе Тәңірберген