Құқық қорғау органдары

Теріскейлік полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен екі жас жігітті құрықтады

Кейін қарақшылар кассадағы ақшаны алып, іздерін суытыпты. Ал, сауда павильонының қызметкерлері ұрылар бетперде кигендіктен, оларды тәртіп сақшыларына суреттеп те бере алмаған.

АСАН МЕЙРАМОВ – ПЕТРОПАВЛ Қ. ІІБ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

– Қалалық ішкі істер басқармасының жедел уәкілдері облыстық аппараттағы әріптестерімен бірлесіп, екі тәулік бойы қарақшылық шабуылды ашумен айналысты. Ешқандай дәлел болмады. Бұрын істі болған барлық тұлғалар, көңіл көтеру орындары тексерілді.Атқарылған жұмыстар барысында күдіктілердің ізіне түсіп, олар қамауға алынды.

Баукеспелер 19 және 24 жастағы Петропавлдың тұрғындары. Бұрын сотталмаған. Құрықталған жігіттерден пышақ, бетперде, тапанша мен қолғап тәркіленді.

– Стой! Ограбление. И он потянулся за кобурой, и напарник ему по голове треснул. Потом я ему говорю: «Ложись!» – он лег. Я сверху лежал, чтобы он не вставал.


– У вас были ли какие-нибудь предметы в руках?


– Ножик был.

Бүгінгі таңда екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оларға қатысты ҚР ҚК 192 бабы бойынша іс қозғалмақ. Қарақшылар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Эльмира Садвокасова