МТРА жаңалықтары

ҚР ҰҰ 6637 әскери бөліміне биыл 55 жыл

Бұл бөлімде әскери міндетін абыроймен өтеп жүрген жігіттер шаһардағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Биыл сарбаздар 100 қылмыс пен 2 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алған. Әскери бөлімде еліміздің әр аймағынан келген бозбалалар 1 жыл көлемінде Отан алдындағы парызын өтейді. Сарбаздар көктемгі су тасқыны кезінде де теріскейліктерге қол ұшын созып, мүліктерінің бүлінбеуін, қолды болмауын күзетті. Бұны 55 жылдық мерейтоймен өңір басшысының атынан құттықтаған орынбасары Антон Федяев атап өтті. Сондай-ақ, жиында қызметте ерекшеленген жандар өңір жетекшісінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Тағы бірқатары әскери бөлім басшылығының Алғыс хатын иеленіп, төсбелгі тағынды.

Антон Федяев – СҚО әкімінің орынбасары:

 

– Күніне бір ауысымда 300-ден астам әскери қызметші еңбек етеді. Олар Отандарын қорғап, ел тыныштығын күзетеді. Әскери бөлімнің сарбаздары мен сардарлары әрдайым жергілікті атқарушы билік өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста. Қоғамдық өмірге де белсенді араласады. Апаттық жағдайда тұрғындарға алғашқылардың бірі болып қол ұшын созады.

Берік Қожахметов – ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің командирі

 

– 1962-ші жылы полк құрылып, 3-ші қараша күні КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының атынан “Қызыл Ту” табыс етілді. Біздің тарих сол күннен басталады. Бұл әскери бөлімнен көптеген батырлар шықты. Атап айтар болсақ, түрмеден қашқан қауіпті қылмыскерді ұстау барысында қаза тапқан Қағазбек Нұрсейітов. Біздің сарбаздар түзету мекемелерінде де күзет қызметін атқарады.

Риат Шони