МТРА жаңалықтары

“Қазақтелеком” АҚ “Бұлтты бейнебақылау” қызметін ұсынады

Саят Ермек – тілші:


– Көпқабатты тұрғын үйлердің подъездерінде бұзақылар мен маскүнемдерді жиі кездестіруге болады. Енді бұл келеңсіздіктердің алдын алып қана қоймай, кінәлілерді анықтау да мүмкін болып отыр. Ол үшін “Қазақтелеком” компаниясы ұсынған “Бұлтты бейнебақылау” қызметін қосу керек.

Оксана Воронова Аламаты көшесі 13 мекен-жайында тұрады. Ұлын тәрбиелеп отырған ана үшін подъездегі және ауладағы тыныштық аса маңызды. Сондықтан осыдан бір ай бұрын “Қазақтелеком” компаниясының жергілікті филиалына барып “Бұлтты бейнебақылау” қызметін қосқан. Енді оның пайдасын көріп отыр.

Оксана Воронова – қала тұрғыны:


– Камераларды орнатқанға дейін подъезде маскүнемдер, бұзақылар көп жүретін, тіпті кіре беріс есікті сындырып тастаған еді. Енді бәрі саябырсыды. Мұндай мүмкіндік үшін “Қазақтелеком” компаниясының облыстық филиалына айтар алғысым шексіз. Бәрін тиісті деңгейде орнатып кетті. Енді мен жағдайды смартфон арқылы да, компьютер арқылы да бақылай аламын. Ал бастысы – қалтадан қақпайды.

Тиімдісі мынада – қажетті құрылығыларды компания өз қаражатына орнатады. Бейнекамераларды аулаға да, подъезд ішіне де орнатуға болады. Олар түнгі түсірілім опциясымен жабдықталған. Сондықтан күннің қай уақытында болмасын ешбір бұзақы сіздің назарыңыздан тыс қалмайды. Құрылғылар жұмысын қамтамасыз етуші мына электр қалқаны жарық өшіп қалса да жұмыс істеуге қауқарлы. Камера түсірген материалдар лезде ғаламтор арқылы желілік бұлтқа түседі. Сақталу уақыты 7 күн. Сондықтан жазбаларды жоғалтып немесе ұрлатып алу қаупі жоқ. Маңызды жәйт, жазбаларды “Бұлтты бейнебақылау” қызметін пайдаланушы абоненттер ғана көре алады. Ал оған қосылу тәсілдері мынадай.

Юрий Гнусин – “Қазақтелеком” АҚ СҚ ОТД филиалының коммерциялық директоры:

– Қызметті кез келген қала тұрғыны пайдалана алады. Ол үшін арнайы өтініш толтырып, жеке куәліктің көшірмесін және сіздің пәтер иесі екеніңізді куәландыратын құжаттарды компания филиалына ұсыну керек. Әр абонент айына 300 теңге немесе одан сәл артық төлеуі мүмкін. Баға қызметті пайдаланушы подъезд тұрғындарының санына байланысты. Бұл өте тиімді жоба, себебі қаланың қай жерінде жүрсеңіз де, тіпті басқа қалаға жол тартсаңыз да мүлкіңіз, аула мен подъезд сіздің жіті бақылауыңызда болады.

Бұл пилоттық жобаны “Қазақтелеком” компаниясының облыстық филиалы қыркүйек айында іске қосқан. Сол уақыттан бері шаһардың 10 көпқабатты тұрғын үйіне бейнежазба қондырғылары орнатылыпты. Пайдасы жоқ емес. Камералар өзінің тиімділігін дәлелдеп те үлгерген.

Юрий Гнусин – “Қазақтелеком” АҚ СҚ ОТД коммерциялық директоры:

– Біз құқық қорғау органдарымен де тығыз әріптестік қатынастамыз. Мәселен, жуырда Мир көшесі 221 мекен-жайындағы жатақханада белгісіз бұзақылар жазбаларды жымқыру мақсатымен бейнекамераны жұлып алып, қашып кеткен. Алайда, материалдар желілік бұлтқа түсетіндіктен, көп ұзамай құқықбұзушылар құрықталды. Міне, тиімділіктің айқын дәлелі.

Әр бейнекемера 10 метрге дейінгі радиусты қамтиды. Ал ауладағы және подъездегі қимылдарды жеке компьютер немесе смартфон арқылы бақылауға болады. Ол үшін ғаламтордан “KT CAM” қосымшасын жүктеп алу керек. Жоба қала тұрғындарының жүрегіне жол тауып үлгерген, сондықтан келер жылы “Қазақтелеком” компаниясының облыстық филиалы көпқабатты секторлардың 670-тен аса подъездіне осындай бейнекамералар орнатуды жоспарлап отыр. Отбасыңыздың қауіпсіздігін, подъезд тазалығын қамтамасыз еткіңіз келсе, сіз де құр қалмаңыз.

 

Саят Ермек