Мәдениет

Петропавлда “Власть любви. Слово о Серике Байбатырове” атты кітаптың тұсаукесері өтті

Қабдырахман Наурызбаев – журналист, жазушы:


–  Мен Алматы облыстық газетінде меншікті тілші болып жүрген кезде судьялармен жиі кездесетінмін. Олардың барлығы Серік Байбатыровтың адамгершілік қасиетерін мақтайтын. Сосын ойыма осы адам жайлы повесть жазу келді. Іске бірден кірісіп 7 ай ішінде ҚР Судьялар одағының төрағасы болған азамат туралы еңбегімді дүниеге әкелдім.

Автор кітапты жазу кезінде Серік Байбатыровпен 9 рет кездесіпті. Бірнеше мәрте осы азаматты танитын адамдармен де жүздескен. Көп еңбектің арқасында 400 бетке жақын деректі повесть жазылыпты. Туындымен заң ғылымдарының кандидаты Гүлбақша Мұсабаев танысып үлгерген. Азаматша жазушының кейіпкерді тамаша суреттегенін айтады.

Гүлбақша Мұсабаев – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті, заң ғылымдарының кандидаты:

– Автор кейіпкердің анасы жайлы өте тамаша жазған. Серік Байбатыров 1 жарым жасынан әкесіз өседі. Сол себепті, бала шешесінің тәрбиесін көрген болатын. Анасы өмірдің қиын тұстарына мойымай Серікті оқытыпты. Осының арқасында ҚР Судьялар одағының төрағасына дейін жеткен.

“Власть любви. Слово о Серике Байбатырове” атты еңбек 1000 дана болып басылыпты. Автор туындының 25-ін облыстық сотқа, 15-ін өзі бір кездері жиі келетін С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханаға тарту етпек.

Байболат  Култанов