Қоғам

Петропавлда әуежайында ұшақтардың ұшып кету және келу кестесі өзгерді

Марат Хасенов – “Петропавл халықаралық әуежайы” АҚ директоры:

– Әуежайымыздың кестесі қыс мезгіліне ауыстырылды. Соған байланысты Астана-Петропавл бағыттарына ұшақтар бейсенбі (сағат 15:30), жексенбі (1:40) күндері ұшады. Алматыға аптасына үш рет: дүйсенбі (сағат 13:05), бейсенбі (сағат 23: 55) және сенбі (сағат 13:05) күндері ұшады. Шымкентке аптасына екі рет: дүйсенбі, сенбі күндері ұшақтар кешкі сағат 19:10 орнынан қозғалады.

Солтүстіктің ауа райы шұғыл континенталды. Күз және көктем айларында ұшып-қону жолағына мұз қатып қалады. Салдарынан ұшақтар қона алмайды. Осындай қолайсыз жағдайларда әуежай әкімшілігі жолаушыларды Астанаға автобуспен тегін жеткізеді екен.

Марат Хасенов – “Петропавл халықаралық әуежайы” АҚ директоры:

– Қазанның 30 сағат 8:10 Петропавл әуежайына қонатын ұшағымыз келмей
Астана аэропортында қалды. Себебі Петропавлдағы ұшу-қону жолағы тайғақ болды. Біз жайлы автобуспен жолаушыларды Астанаға жеткізіп, сол жерден Алматы ұшағына отырғызып жібердік. Ол үшін тұрғындардан артық тиын алған жоқпыз.

Ұшақ билеттерінің құны өзгеріссіз қалды. Астанаға 14 300, Алматыға 18 500 теңге, Шымкентке 20 мың теңге. Билеттерді кассалардан және ғаламтор арқылы сатып алуға болады.

Берік Қасен