Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі келді

Оның алғашқысы ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға бағытталған. Биыл ел бойынша осындай 326 бірлестік құру жоспарланған екен. Бірақ, 9 айдың ішінде бұл көрсеткіш ойлағаннан асып түсіп, 745-ке дейін жеткен. Олардың көбі ет және сүт өнімдерін дайындауға басымдық береді. Бүгінде аталған бастама өзінің оң нәтижесін көрсетуде.

Қайрат Айтуғанов – ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі:

– Кооперативтер еліміздің түкпір-түкпірінде құрылып жатыр. Нәтижесінде биыл ет, сүт өнімдерінің көлемі артты. Алдағы уақытта көрсеткіштің ұлғаятынына сенімдіміз.

Екінші карта ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласына арналған. Қабылданған жобаға сәйкес елімізде 79 жаңа зауыт бой көтеріп, тағы сексені жаңғыртудан өткізілуі тиіс. Бұл сүт, ет, тері, жүн, көкөністерді қайта өңдеуді арттыруға мүмкіндік береді. Ал, үшінші карта ауыл шаруашылығы саласындағы тағы бір өзекті тұстардың бірі – техникамен қамту мәселесін шешпек.

Қайрат Айтуғанов – ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі:


–  Бүгінде еліміздегі трактор мен комбайндардың дені ескірген. Биыл қазақстандық диқандар 22 млн тонна дәнді дақылды жинап алған. Ал, 2 млн 25 мың тонна бидайды қамбаға құюға үлгермеген. Бұл, әрине, тозығы жеткен техниканың салдарынан орын алып отыр. Оны жөндеуге де қомақты қаржы кетеді. Ал, СҚО-да аграрийлер дәнді дақылдың 500 мың тоннадан астамын жиып үлгермепті. Сондықтан, агроқұрылымдарға отандық су жаңа техниканы алуға жеңілдетілген несиелер беру қажет.

Сондай-ақ, жиында мал шаруашылығы саласының дамуы да сөз болды.

Генадий Зенченко – “Зенченко и К” КС бас директоры:


–  Бүгінгі таңда нарықтағы сүт ет өнімдерінің сапасы көңіл көншітпейді. Олардың көбі көршілес елдерден импортталады. Бағасы төмен болғандықтан, тұтынушылары да көп. Сондықтан, мал шаруашылығымен айналысушы жерлестеріміздің қатары азаюы мүмкін.

Қайрат Айтуғанов – ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі:


–  Бұндай мәселе жеке қосалқы шаруашылықтардың бізге сапалы шикізат бермеуінен туындап отыр. Сондықтан, бұл сұрақты шешу үшін оларға қатаң талап қою қажет.

Тағы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың картасында тұқым шаруашылығы, агрохимия, азық өндіру, егістікті ұлғайту сынды бағыттар бар. Олар әлі де талқылану үстінде. Ал, алдағы уақытта бұндай жобалар Қазақстаның әрбір өңірінде әзірленеді деп жоспарланған. Нәтижесінде, ол еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға септігін тигізеді.

Эльмира Сәдуақасова