Өнеркәсіп

СҚО-да қалдықтарды қайта өңдейтін 16 кәсіпорын жұмыс істейді

Шикізаттың бір келісіне 60-тан-200 теңгеге дейін төленеді. Өндіріс орнына түскен қалдықтар скотч, қиыршық тастар секілді бөгде заттардан тазартылып, ұсақтап кесіліп, жуылады. Таза қиындылар агломератор дейтін мына құрылғыға түседі. Оны серіктестік үстіміздегі жылдың мамырында сатып алыпты. Жұмысты біраз жеңілдетті дейді.

Максим Куминов, “Петропак” ЖШС қызметкері:


– Қиындылар агломераторда үгіледі де, 10-15 минут қайнатылады. Бұл қондырғыдан күніне 450 келіге жуық шикізат өтеді. Бұрын бұл жұмыс қиынға соғатын. Қазір бәрі автоматтандырылған, бұл аспап жұмысты біраз жеңілдетті. Өндіріс көлемі де ұлғайды.

Міне, агломератор жұмысының нәтижесі. Енді жартылай өңделген шикізат грануляторға түседі. Мұнда манағы ұнтақ 200-ден 400-градусқа дейінгі температурада балқып, одан шыққан пластмасс жіп шағын түйіршіктерге кесіледі. Мұнда айына 20 тонаға жуық түйіршік өндіріледі екен.

Ал мына экструдер атты құрылғыда полиэтилен пленкалар жасалады. Бұл болашақ пакеттердің негізі. Өндіріс орнында мұндай 4 агрегат жұмыс істейді, олар 12 сағат ішінде 2 тоннадан астам жалпақтығы, түсі әр түрлі үлбірлерді жасап шығаруға қабілетті. Көзіміз үйренген пакеттердегі суреттер мен түрлі жазулар міне, мына қондырғыда жасалады. Ақ, көк, қара түсті біркелкі полиэтлен мында түрлі бояулармен, жазбалармен әрленеді. Міне, дорбалар дайын. Енді оларды кесіп, қажетті кейіпке ендіру керек. Бұл жұмысты автоматтандырылған білдектер атқарады. Олардың саны мында үшеу. Бір жұмыс күнінде бұл аппарат 10-12 мың дана пакет жасап шығаруға қауқарлы.

Кәсіпорын шағыратын тағы бір тауар – пластмасс бөтелкелер. Құтылар полиэтиленен жасалмайды. Бұл мақсатта қолданылатын шикізат түрі басқа.

Саят Ермек – тілші:

– Сену қиын, алайда бұл болашақ бөтелке. Материал ПЭТ деп аталады. Оны кәсіпорын бөтелке өндіруші ірі зауыттардан сатып алады екен. Кейін шикізат ұсақталады, жуылады, ал одан мынадай гранулалар жасап шығарылады.

ПЭТ дегеніміз-полиэтилентерефталат. Пластмасс құтыларды шығаратын үлкен зауыттар бұл қалдықтарды пайдаланбайды. Сондықтан кәсіпорын оны төмен бағамен сатып алып, өндірісінде бөтелкелер жасап шығаруға қолданады. Манағы ұсақталған ПЭТ енді термопласт автомат атты аспапқа түседі. Мұнда болашақ құтылардың шағын пішіндері жасалады. Кейін бұл пішіндер мынадай тәсілмен бөтелкеге айналады.

Саят Ермек – тілші:


– Манағы жасалған шағын формалар арнайы құрылғыға қойылады да үлкен температурада қызиды. Кейін олар шағын формаларға орнатылады, ал одан мынадай шағын бөтелкелер жасалып шығады.

Бөтелкелердің көлемі әр алуан – жарты литрлік құтылардан 5 литрліктеріне дейін бар. Алайда, бұл да соңы емес. Кәсіпорын тағы пластмасс кілемшелер өндірумен де айналысады екен. Жалпы “Петропак” серіктестігінде тауарлардың 100-ден аса аталымы өндіріледі екен. Серіктестік өнімдері ел нарығында үлкен сұранысқа ие.

Никита Жуков, “Петропак” ЖШС директорының орынбасары:


– Пакеттерге Астана, Көкшетау, Қарағанды қалаларынан, облыс аудандарынан сұраныс көп. Таң қалдыратыны, Петропавл бұл тізімнің соңында. Ал дайын бөтелкелерді, керісінше, қала мен аудандарға көп жібереміз. Желім құтыларды жасауға арналған пішіндерді Көкшетау қаласы үлкен көлемде сатып алып жатады. Жуырда өндірістік синтефон жасауды үйрендік. Оны куртка немесе жастық жасауда қолдануға болмайды, ал құрылыста таптырмас құрал.

Маңыздысы – өндіріс 100 пайыз қалдықсыз. Тіпті қайта өңдеуге болмайды деген қалдықтарды да мұнда кәдеге жаратып отыр. Қазір серіктестік 20 тұрғынды жұмыспен қамтыған. Жұмысшылардың еңбекақысы өндіріс көлеміне тәуелді. Жалпы, қазір теріскейде қоқысты қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың саны 16. Олардың 13-і қалдықтарды басқа қалаларға өңдеуге жөнелтсе, үшеуінің өндіріс ошақтары облыс аумағында орналасқан.

 

Саят Ермек