МТРА жаңалықтары

Құжаттар тарихтан сыр шертті

Нурызбек Қабдөшев, Айыртау аудандық архивінің директоры:

– Бізде 77 мың 156 құжат бар. Барлығы 394 қор.

Айыртау ауданының тарихы осы суреттен басталады. 1864 жылы мұнда 6 отбасы көшіріліп әкелініп, Кривоозерное ауылына айналған. 70 жылдары шағын ауылдардан шаруаларды көшіріп әкеле бастайды. Қазір бұл ауыл Айыртау ауданының орталығына айналған – Саумалкөл ауылы. 1890 жылдардың өзінде сіріңке зауыты, шарап дүкені ашылып, мектеп салынған. Ауданның бірнеше рет географиялық аумағының өзгеріп, атауының ауысқаны мына халықтық депуттар кеңесінде толтырылған хаттамаларда жазулы тұр. Көрме соғыс жылдарын ерекше қамтыпты. Себебі, Айыртаудан ҰОС-на 9760 боздақ аттанып, тек 1450-і оралды. Тағы 11 кеңес одағының батыры бар.

Ұлан Құнанбаев, Айыртау аудандық архивінің қор сақтаушысы:

– Қазір үш ҰОС-ның ардагері тұрады. Соғыстан келген хаттар. Олардың түрлі аттақтар алғанын растайтын құжаттар бар.

Үкілі Ыбырай, Ақан Сері мен Ағынтай, Қарасай батырлардың кешені, Айғаным қонысы мен ең алғаш жылқыны қолға үйреткен Ботай тұрағы жайлы деректерді жиылғандар ұйып тыңдады. Көрмеде Айыртаудан шыққан біртуар тұлғалар Шота Уәлиханов, Бәйкен Әшімов, Кәкімбек Салықовтар жайлы да айтылды.

 

Ақбөпе Тәңірберген