Әр түрлі

Қараша айында ауаның орташа температурасы минус 7-9 градус болады

Бұл айдың алғашқы он күндігінің соңына қарай ауа температурасы суи бастайды. Синоптиктердің сөзінше түнде сынап бағанасы минус 3 градустан 11-ге дейін түссе, күндіз бұл көрсеткіш +10-нан аспайды.

Қарашаның соңын қара суық басады. Бұл уақытқа дейін теріскейліктерге жылы киімдерін қамдаған жөн. Себебі, далада минус 10-нан 27 градус суыққа дейін барады. Бұл айдағы жауын-шашында нормаға сай жаумақ. 22-32 мм.

Елена Милентьева – “Қазгидромет” РММ СҚО бойынша филиалының инженер-синоптигі

– Жауын-шашын қараша айының басында, екінші он күндіктің ортасында жауады. Ал соңында жиі жаумақ. Кей жерде қар түсіп, боран соғады. Қарашаның ортасында көктайғақ пайда болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күшейіп, секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Риат Шони