МТРА жаңалықтары

Қалалық әкімдікте үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өтті

Петропавлдықтар бұны дәлелдеу үстінде. Оған айғақ ретінде шаһарда жүріп жатқан оң өзгерістерді айтуға болады. Мәселен, халықтан түскен қаржыға 20-шы шағын ауданда мешіт пен православтықтардың шіркеуі бой көтеруде. Ал былтырғы қыста “Надежда. Вера. Милосердие” қоғамдық қоры қаңғыбастарды ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Үкіметтік емес ұйымдар Елбасының бұл бағдарламасын жүзеге асыруда белсенділік танытып жатыр. Мәселен, қалалық «Саяжайшылар» ҚБ өз қаржыларына аббаттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Виктор Малинко – қалалық «Саяжайшылар» ҚБ төрағасы:


–  Біздің бірлестікте 136 саяжай серіктестіктері бар. Бұнда 40 пайызында картоп, 32 пайызында көкөніс өсіріледі. Біз өз қаржымызға ішкі электр желілерін, су жүйелерін қалыпқа келтірдік. Бұндай мақсатқа “Лада”, “Учитель 1,2,3”, “Энергетик-2” саяжай серіктестіктері 24 млн теңгеден артық қаржы жұмсады. Осындай мысалдар жетерлік.

Ал “”СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығы жыл сайын қоғамның әлжуаз топтарына автобустарда тегін жүру билеттерін беру арқылы әлеуметтік көмек көрсетуде. Бұдан бөлек жолаушылар тасымалымен айналысатындар қызмет көрсету сапасын арттыруда.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі :


–  Бүгінде қаладағы барлық маршруттағы автобустарда GPS жүйесі орнатылған. Тағы да автобус паркін жаңарту жұмыстары қолға алынған. Биылғы жылы евростандарттарға сай 3 жаңа көлік алынды. Олардың іші кең және мүмкіндігі шектелу жандарға арналған лифтісі бар. 26 отыратын орын бар. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.

Мәселеде жоқ емес, бар. Өзектілері жиын барысында көтерілді. “АРДОС-Жүрек” мүгедектер бірлестігінің жетекшісі Ақжан Кәрімов мүмкіндігі шектеулі жандарда мемлекеттік тапсырыс аясында өз жобаларын жүзеге асырғысы келетіндігін жеткізді. Оның ішінде қаланы көркейтуде бар. Биылғы жылы мемлекеттік тапсырыстарға шаһарға 61,5 млн теңге бөлініпті. Осы ретте Марат Тасмағанбетов ұсыныстар түссе арнайы лоттар қарастырылатындығын жеткізді.

 

Риат Шони