МТРА жаңалықтары

«Ұлы дала жастары»

Заман ағымы соны міндеттейді. Сондайлардың бірі, жас болса да, бас боп жүрген Шал ақын ауданының әкімі – Нұрлан Есімов. Ол жиналғандарға бала күнгі арманы жайлы айтып, қазіргі жұмысының қыр-сырымен бөлісті.

Нұрлан Есімов – Шал ақын ауданының әкімі:

– Ең оңайы ерініп жату. Біздер таңертеңнен кешкен дейін ерінбей жұмыс істеп, білімімізді көтеріп, соның бәрі тек қана еңбекпен оңайшылықпен ештеңе келмейді. Аудан басқару деген оңай емес, 20 мың адамның жағдайын ойлау күнде-күнде ойластырсақ. Сонда аудан беделін көтереміз деп сенемін.

Мектепте озат, жоғарғы оқу орнында үздік болған жас, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде де білім алып келген. Мемлекеттік қызметте жүргеніне 11 жылдан асыпты. Ал кездесуге қатысқан келесі бір азамат – Мақсат Нүсіпов. Балуан жастайынан спортқа жақын екен.

Мақсат Нүсіпов – қазақ күресінен ҚР спорт шебері:

 


–  Спортпен айналысуцды ауылда оқып жүргенде бастадық. Сосын Университитке түскенен бастап 1998 жылдан бастап әрі қарай жалғадым. Кейін 2002 жылы соңғы курста оқып жүргенде қазақ күресі секциясы ашылды. Сосын өзіміздің төл спортымызға ауыстым. Универсиада үшінші орын алдым. Кейін спорт шебері атағын алдым.

Талай жарыстарда қанжығасын майлаған Мақсат Нүсіпов қазір ҚР ҰҰ әскери институтының спорт және дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы. 50 курсантты тәрбиелеп жүрген ол жастарға қиындықтарға мойымай, тек алға басу керектігін айтты.

Ал мынау бұлбұл дауысымен әуелете ән шырқап жатқан он жасар – Амина Жапар. Кішкентайынан әнге құмар өрен талай байқауларда оза шауып, жеңімпаз атанған. Болашағынан зор үміт күттіретін кішкентай жұлдыз келешекте де, еліміздің атын байрақты додаларда танытып, өнерін шыңдай түспек.

Мағжан Ахмадина