Бизнес және экономика

Ұлттық банктің өңірлік филиалы ағымдағы жылдың 9 айын қорытындылады

Бүгіндері теріскейліктердің депозиттерінде жатқан қаржының көлемі – 137,2 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға жоғары. Және салымдардың 67 пайызы ұлттық валютада жасалған екен. Қаржы институттарына несие алуға жүгінетіндердің қатары да артып отыр. Бұл операциялардың көлемі 105 млрд теңгеге жеткен.

Тұрғындар әсіресе, шағын бизнесті дамытуға қаржының көп бөлігін, яғни 35 млрд теңгені жұмсаған. Жыл басталғалы банктердің жұмысына қатысты солтүстікқазақстандықтардан 135 өтінім түскен. 4 жағдайда қаржы институттарының қателігі анықталыпты. Ал өңірдегі инфляция деңгейі 2017 жылдың басынан 5 пайызды құраған. Бұл республикалық көрсеткіштен 0,8 пайызға артық.

Мираш Жұмашев – “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директоры:

– Жыл басынан теңгенің құлдырауы 2,4 пайызға көтерілген. Былтырғы жылға қарағанда көп сатылған ақша ресейдің рублі. Ол 4 млрд 400 млн-дай ақша. Яғни көбірек сатылған. Ал долларды сату азайған. Ал халықтың сатуы көбейген. Евроныкі де көбейіп тұр.

 

Магжан Ахмадина