Білім

Солтүстікқазақстандық жастар латын әліпбиін қолдайды

Бейбігүл Дүйсенбаева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тәрбие ісі жөніндегі департаментінің директоры:

– “Біз жаңа әліпбиді қолдаймыз” акциясына университтеттің барлық факультетінде білім алатын студенттер қатысып отыр. Ұл-қыздардың барлығы латын қарпін қолдайды. Олар осы графиканы меңгеруге дайын. Латын әліпбиін жастарымыз білуі тиіс. Студенттер осы өзгерістің арқасында заман талабына сай білім алып, еліміз үшін еңбек ететіндеріне сенімдімін.

Шара барысында студенттер жиналғандарға жаңа әліпбидің ерекше түрде таныстырды. Олар 32 әріп жазылған плакаттарды тік көтеріп көрсетті. Бұл жастардың дені жуырда қабылданған латын графикасымен танысып үлгеріпті.

Ақнәр Қазезова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Мен өзім Елбасы бекіткен әліпбиді көрдім. Өзіме ұнады. Осы графиканы әр қазақстандық еш қиындықсыз үйреніп алатындықтарына сенімдімін.

Жалпы, жиынға университтеттің 800-ге жуық студенті қатысты. Олардың барлығы шара соңында латын әліпбиін қолдайтындықтарын хормен жеткізді.

Култанов Байболат