Қоғам

“MacCoffee” компаниясы өз тұтынушыларын қуантуда

Станислав Смирнов – «МасCoffee» компаниясының өкілі:

– Біз жыл сайын промо-акция ұйымдастырамыз. Биылғысы ерекше. Өйткені «MacTea» шайының сыртқы қаптамасы өзгерді. Енді ол ұлттық нақыштағы ою-өрнектер безендірілген. Біздің науқан осыған орайластырылған.

Ирина Шаврина «МасCoffee» компаниясының өнімін әрдайым тұтынады. Жерлесіміз сапалы тауар алып қана қоймай, соның арқасында пайдаға да кенеліп қалды. Жуырда нәзік жанды компания ұсынған акцияның жеңімпазы атанған. Бүгін оған өзі таңдаған ұтысы – ас үйге қажетті жабдықтар табыс етілді.

Ирина Шаврина – ұтыс иегері:

– Мен науқан басталмас бұрын “MacTea” шайын сатып алған болатынмын. Кейін қаптама ішіндегі сандарды көрсетілген нөмірге жібердім. Жолым болды. Ас үйіме қажетті жабдықтарды таңдам алдым. Компанияға алғысым шексіз.

«MacTea»-ден сіздің ас үйіңізге сыйлықтар акциясы қазанның 15-і күні бастау алды. Күнделікті жеңімпаздардан бөлек, ай сайын бас жүлденің иегерлері де анықталады. Онда қазақстандықтар тоңазытқыш немесе электр плитадан дәмелене алады. Әзірге олардың қатарында теріскейліктер жоқ. Бұл мүмкіндікті қалт жіберіп алмас үшін солтүстікқазақстандықтардың желтоқсанның 15-не дейін уақыттары мүмкіндіктері бар.

 

Риат Шони