Балалар

Петропавлда XIII Дельфий ойындары өтеді

Қазір ұйымдастырушылар дайындықты соңғы рет пысықтауда. Әр қаладан келетін жастарды қарсы алу алдын-ала жасақталған еріктілдердің мойнында. Қатысушылардың арасында 120 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Олар да арнайы аталымдар бойынша өнер көрсетпек. 13 мәрте Петропавлда өткелі отырған ойындардың басты ерекшелігі осы.

Бахытжан Тажинов, Ұлттық Дельфий комитетінің қоюшы-режиссері:

– Биыл жаңа екі номинация бар. Бірі ыммен ән айту болса, екіншісі естімейтін жандардың ән айтуы. Одан бөлек алғаш рет, арбамен би билеу номинациясының тұсауы кесілмек. Ұйымдастыру деңгейі жоғары. Қала және облыс әкімдігіне алғыс білдіремін.

Дельфий – Олимпиада ойындарына теңестірілген, айырмашылығы бұл – өнер адамдарының додасы. Бұл жолы 500-ден артық қыз-жігіт қатысады. Байқауға жатпай тұрмай дайындалып жатқандардың бірі Ақерке Алтайқызы. Ол 10-15 жас аралығындағы қатысушылардың қатарында.

Ақерке Алтайқызы, оқушы, 14 жас:

– МЕн болашағымды қобызбен байланыстырамын. БОлашақта танымал қобызшы болғым келеді. 2 турға 4 шығарма дайындадым.

Әсел Ерман болса ересек топта. Қыл қобызда шебер ойнайтын бойжеткен республикалық ұлттық аспаптар байқауының жеңімпазы. Өзіне сенімді. Мүмкіндігіне қарай қиын вертуозды шығармаларды таңдаған. Ұстазы Назгүл Маштакова шәкіртінің өңір намысын қолдан оңайлықпен бермейтініне сенімді. Қазір Полонез ре можорін ойнап отыр.

Асанәлі Ораздың бойы аласа болғанымен өнері асқақ. 12 жастағы әнші Дельфий ойындарында халық әні аталымы бойынша өнер көрсетпек. Қорықпастан Біржан сал, Ақан серілердің әндерін таңдаған.

Дельфий ойындарында Солтүстік Қазақстанның намысын 6 бірдей күйші қорғайды. Ұлттық аспаптан күмбірлеген күйді төгілткен өнерпаздар да байқауда жандарын салмақ.

Мөлдір Тілейхан 19-25 жас аралығында сынға түседі. Бабында жүрген тұлпар шабысты қажет етпейді. Бала күнінен домбыраның құлағында ойнайтын сылқым, қарсыластарынан қалыс қалмақ емес.

Мөлдір Тілейхан, Дельфий ойындарына қатысушы, 17 жас:

– Дельфий ойындарының біздің қаламызда өтуі, біз үшін үлкен мүмкіндік. Өңір намысын қолдан бермеу үшін барымызды саламыз. Мен үшін ең мықты қарсыластар Батыс және Оңтүстікқазақстандықтар деп білемін. Себебі оларда домбырада жақсы ойнайтын күйшілер көп.

Ал – Матвей Стародубцев баян ойнап cыналмақ. 9 жыл бойы жанына серік еткен аспапта Бызовтың Лезгинкасын орындайды.

Солтүстік Қазақстанның намысын қорғайтын қыз-жігіттер үздіктердің арасынан іріктеп алынған – нағыз өнерпаздар.

Қайырлы Ғафуров, «Өнер колледжі музыкалық – эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп – интернат кешені» бөлім меңгерушісі:

– Петропавлда мұндай шараның өтуі қаладағы өнер адамдары, жас өнерпаздар мен біздің колледж үшін үлкен жаңалық. Біз қуаныштымыз. Біздің шәкірттеріміз барын салып облыста қандай өнерпаздар барын көпке танытып, жақсы орыннан көрінеді деген ойдамын.

Қорытынды кеш 4-ші қараша 18:00де Н.Погодин атындағы орыс драма теарында өтеді. Үлкен Гала концерт барысында жеңімпаздар мараптталмақ.

 

Акбопе Танирберген