Құқық қорғау органдары

Петропавлда ұялы телефон ұрлаған екі азамат құрықталды

Күдікті:

– Біз «Динамо» дүкенінің жанында бір апаны көрдік. Ол телефонмен сөйлесіп кетіп бара жатты. Менің досым жүгіріп барып, оның қолынан тартып алды. Кейін оны базарда 4,5 мың теңгеге сатып жібердік. Ақшаға чипсы, шемішке алдық. Қалғанын компьютерлік клубта құрттық.

Қарақшылық жасаған жас жігіттер бұрындары істі болмаған. Жасаған әрекеттеріне өкініп тұр. Дегенмен бұл қылықтары үшін жауапкершілікке тартылмақ.

Ерболат Қаптаев – Петропавл қаласы ІІБ бөлімшесінің бастығы:

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-ші бабы 2-ші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құрықталғандар өз кінәлерін толық мойындады. Бұл баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Жалпы жыл басынан облыс орталығында 100-ге жуық ұрлық фактісі тіркелген. 146-сын тәртіп сақшылары нысандарда орнатылған бейнекамералардың көмегімен ізін суытпай ашқан.

 

Риат Шони