Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірдің бұрынғы бас сәулетшісі Велерий Затайға қатысты сот үкім шығарды

Валерий Затай – айыпталушы:

– Мен өз кінәмді толығымен мойындаймын. Шешім шығарғанда менің талай жылғы еңбегімді ескерулеріңізді сұраймын. Мен тіпті демалыстарды алмай, ылғи жұмыста болдым. Мемлекеттік қызметке бар өмірімді арнадым. Зейнетке шығуыма бір жылға жуық уақыт қалды. Бірақ шалыс бастым.

Айыптаушы жақ, мемлекеттік қызметшіге 3 жыл 6 ай бостандығынан айыру жазасын сұрағынымен, сот оның зейнет жасы және түрлі наргарадаларымен марапатталғандығын және бұрын істі болмағандығын ескеріп, мынайдай шешім шығарып отыр.

Алмас Жұмағазин- Петропавл қалалық сотының судьясы:

– Валерий Затай ҚР ҚК 366 бабының 2-ші тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған пара алған сомасынан 60 есе көп айыппұл тағайындап отырмыз. Яғни, 30 млн 690 мың теңге. Оны шешім шыққаннан соң бір ай көлемінде төлеуі тиіс. Тағы ол өмір бойына мемлекеттік қызметте істей алмайды. Және заңсыз алынған бар мүлігі тәркіленсін.

Сот залына келген Валерий Затай пара алып жатқан күнінде киген киімімен жүр. 22 жылын мемлекеттік қызметке арнаған шенеунік әрине тілшілермен тілдескісі жоқ. Тіпті бейнесін де көрсетпеуін сұрады. Есесіне, нақ осындай сома, 30 млн 690 мың Валерий Затайдың әйелінің шотында бар деген оның қорғаушысы сот шешіміне шағым түсірмейміз деп отыр.

 

Магжан Ахмадина