Құқық қорғау органдары

Ұялы байланыс станциясынан 8 аккумулятор ұрланған

Олардың ұрлануы жайлы аудандық ІІБ-не компанияның инженері хабарлапты. Шығын көлемі 500 мың теңгені құраған.

Толқын Қасен – Мамлют аудандық ІІБ-нің тергеушісі:


– Жедел іздестіру шарасы барысында екі күдікті ұсталынды. Олар осыған дейін Қызылжар ауданындағы ұялы байланыс станциясынан да бірнеше аккумулятор ұрлапты. Жалпы шығыны 1 млн теңгеден асады.

Полиция қызметкерлері көп ұзамай екі күдіктіні ұстаған. Азаматтар да бұл іске қатыстығын жасырмапты. Айтуларынша, құрылғыларды Петропавлдағы металл қабылдау пунктіне тапсырған.

Күдікті:


– Еще у нас была одна кража в Элитном Кызылжарского района. Также я попросил друга, он согласился. Мы приехали, отключили сигнализацию, сломали замок и изъяли аккумуляторов, также 8 штук. Я раньше работал в сотовой связи Tele2. Знал все подходы – как можно позвонить оператору, отключить сигнализацию.

Аталған іс ҚР ҚК 188 бабы бойынша қарастырылуда. Енді, баукеспелер 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Эльмира Садвокасова