Қоғам

Өңірдегі 67 сот залы ауди-видео жазу қондырғылармен қамтылған

Сол уақыттан бері өңір соттарындағы 67 отырыс залында осындай құрылғылар қойылыпты. Заманауи аппараттар жыл басынан бері өткен сот отырыстарының 99 пайызында қолданылған.

Оян Мүтәләпов – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы:


–  Аудио-видео құрылғылары сот отырыстарының мөлдірлігін қамтамасыз етеді. Әрі тұрғындардың соттарға деген сенімділігін арттырады. Жыл басынан бері сот отырыстарының 99 пайызы осындай қондырғылар арқылы өтті. Өңірдің кейбір аудандарында жарық өшіп қалуына байланысты барлық жиындарда заманауи құрылғылар қолданылмады.

Қазіргі таңда өңіріміздегі сот отырыстарын жеңілдету үшін түзету орындарына да бейнекамералар орнатылуда. Шілде айында 6 мекемеге осындай қондырғы қойылыпты. Ол арқылы тергеуде отырғандар мен жазасын өтеушілер түзету мекемесінен шықпай-ақ, тікелей байланысқа шыға алады. Осындай заманауи құрылғылардың көмегімен 9 ай ішінде 700-ге жуық сот отырысы өткен. Тағы, облыс соттарында “Сот кабинеті” сервисі де жұмыс істейді.

Оян Мүтәләпов – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы:


–  Жыл басынан бері “Сот кабинеті” сервисіне тұрғындардан 30 мыңнан аса құжат түскен. Оның 20 мыңға жуығы талап арыздары. Қалғаны әкімшілік іс болып табылады. Бұл сервис адамдар үшін тиімді. Жерлестеріміз соттарға бармай үйде отырып-ақ, онлай жүйеде өз өтініштерін жібере алады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан өңірінде 24 түрлі сот жұмыс істейді. “Сот кабинеті” сервисі олардың барлығын қамтиды.

 

Култанов Байболат