Мәдениет

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры кезекті фестивальден оралды

Бұл қойылым сол кезде-ақ, көрермендерге ерекше әсер қалдырған-ды. Сондықтан, тарихи туындыны өнер ошағы өткен аптада Көкшетауда өткен 1-ші аймақаралық «Театралдық күз» атты фестивальге апарған. Олжас Жанайдаровтың пьессасы бойынша қойылған қойылымды теардың режиссері – Тимур Кәрімжанов аздап өзгертіп, өңдеген.

Спартак Рамазанов – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры:


–  Халықаралық деңгейдегі сыншылар Казань, Мәскеу, Астана қалаларынан келді. Олар осынджай тақырыпты қорықпай көрсете білгенімізге тәнті болды. Батырлық, батылдық деп те айтты. Көптен бері қозғалмаған мәселе. Тарихты тереңіне қопарып, жақсы әсер алғандарын ерекше атап өтті.

Осы спектаклде басты рөлдердің бірі – Сәулені сомдаған жас әртіс Екатерина Литвинованың шеберлігі де халықаралық сыншылардың зор бағасына лайықты деп танылды. Ол байқаудың «Надежда» аталымында жеңіске жетіп, диплом және сыйақымен марапатталған.

Екатерина Литвинова – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актрисасы:

 

– Бұл менің ғана емес, бүкіл театр ұжымының жеңісі деп білемін. Өте қуаныштымын. Кейіпкерімді ойнау психологиялық тұрғыдан өте қиын болды. Ашаршылық жылдарындағы болған оқиғаларды көзге елестету мүмкін емес. Сондықтан мен үшін рөлге кіру оңай болған жоқ. Барынша тырысып бақтым. Жалпы аталған спектаклді тамашалаған көрермендер көздеріне жас алып, ерекше әсерде қалады. Бұл біз, жалпы театр ұжымы жақсы жұмыс істеді деген сөз.

Олжас Жанайдаровтың «Жұт» драмасы осыған дейін Беларусь елінде өткен «Белая Вежа» байқауында да жоғары бағаланған болатын.

Мағжан Ахмадина