Білім

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасымен танысты

Оған дейін филологтар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбек. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы Гүлфайруз Синбаева әріптестеріне латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін таныстырып, оның артықшылықтарына тоқталды.

Гүлфайруз Синбаева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ “Қазақ филологиясы” кафедрасының аға оқытушысы:

– Мысалы, 32 таңбаның ішінде қазақ тіліне тән 9 дауысты дыбыс қалады. Оның ішінде кірме сөздер ескеріліп, Й мен У таңбасы да көрсетілген. Бұның сыртында Э -деген бар. Ол әріпті Е-мен таңбалайтын болдық. Ю,Я әріптерін айтылуы бойынша таңбалаймыз.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры Жанар Таласпаеваның айтуынша,
жазуды жаңғырту арқылы қазақ тілін әлемдік қоғамдастыққа жақындата түсеміз. Оған қоса Атамекенінен жырақта жүрген этникалық қазақтар кирилицадан гөрі латын қарпін жақсы біледі.

Жанар Таласпаева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты:

– Қазақстан халқы үшін латын графикасына көшу әлемнің 48 елінде тұратын этникалық қазақтармен өзара байланысты нығайтуға өзіндік әсерін тигізері сөзсіз. Олар латын әліпбиінде жазылған қазақ тіліндегі контентті ендігі кезете еркін пайдалана алады. Қазақ елінің латынға көшуі шеттегі 5 млн-ға жуық қазақтың ата-жұртпен байланысын. 2 млнға жуық қытай елінде тұрған қазақтар. қазақ жазбаларын 200 миллиондық түркі әлемі оқиды.

Университет оқытушылары жаңа қазақ әліпбиіндегі әріптерді жазып көріп, оқыды. Баршасы бұл нұсқа қолданысқа ыңғайлы дейді.

Берік Қасен