Аптадағы маңызды жаңалықтар

Аудандық және қалалық мәслихат депутаттарының сайлауы өз мәресіне жетті

Сайлауға қатысқандардың арасында “Нұр Отан” партиясының мүшелері де бар. Жалпы, шараға дауыс беру құқығына ие 3650 аудан тұрғынының 90 пайызы белсене ат салысыпты.

Нұрсадық Барақаев – Ғ. Мүсірепов аудандық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Сайлау барысында Рузаев мәдени үйінің директоры Наталья Сендякина мен жеке кәсіпкер Қайрат Токов жеңіске жетті.

Уәлиханов ауданының депутаттық мандатына да “Нұр Отан” партиясының мүшесі сайланды. Ол дауыс берушілердің 79 пайызын жинаған Кішкенекөл ауылының №2-ші мектеп директоры Медет Сейіткен. Ал, Петропавлда сайлау Вокзал ауданы мен қала орталығының бір бөлігін қамтитын №16 учаскеде өтті. Үміткерлер саны 3. Барлығы – нәзікжандылар.

Евгений Мамыкин – Петропавл қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:

 

– Шара барысында 7 сайлау комиссиясы жұмыс істеді. 16-шы учаскенің аумағында 7944 тұрғын бар. Алайда, сайлауға тек 4687 адам қатысты.

Қалалық мәслихаттың депутаттық мандаты тұрғындардың 75 пайыз дауысын жинаған М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы Жанар Таласпаеваға бұйырды.

Эльмира Садвокасова