Мәдениет

Қазақ сазды-драма театры көрерменге жаңа туынды ұсынды

Фархат Молдағали – С.Мұқанов атындаңғы қазақ сазды-драма театрының режиссері:

– Қойылымға екі айдай дайындалдық. Бұл қазақ сахнасында әлі қойылмаған спеектакль. Тың дүние.

Гәргәрбек 3 сұлу қыздың әкесі. Әсіресе, кенжесі Үрпия – ерекше келбетті әрі ажарлы. Сондықтан, бойжеткеннің жүрегіне жол тапқысы келетін жігіттер де жетерлік. Бірі бір құшақ гүлмен келсе, екіншісі үйінің алдында нағыз серенада орындайды.

Алайда, Гәргәрбек болса, кенже қызын қазақтың салт-дәстүрі бойынша ұзатамын деп отыр. Сондықтан, азаматтардың барлығына өз талабын қояды. Ең бастысы, қазақи әдет-ғұрыпқа сай айттыру қажет. Неге? Оны басты кейіпкердің өзінен сұрап көрдік.

Тұран Дұрысбеков – С.Мұқанов атындаңғы қазақ сазды-драма театрының актері:

– Гәргәрбектің үлкен 2 қызы тұрмысқа шыққан. Бірақ, оларды күйеулері тастап кетеді. Ашуға булыққан Гәргәрбек кенжесін салт-дәстүрге сай тұрмысқа бергісі келеді.

Сайыс басталды. Алдымен жігіттер күресіп, күш сынасты. Үшеуі де тең түскендіктен, Гәргәрбек олардың ән айтуларын сұрайды. Сегіз қырлы, бір сырлы азаматтар бір-біріне дес берер емес. Екеуі қазақтың әндерін шырқаса, үшіншісі итальяндық классиканы орындайды.

Бұл сыннан да Үрпияға лайық деп танылған жалғыз жігіт анықталмады. Ендігі кезек биде. Бірі лезгинканы билесе, келесісі қазақтың қара жорғасымен тәнті етті. Алайда, Гәргәрбек болашақ күйеу жігітін таңдай алмай, соңғы талабын қойды. Сұлу қыз бен оның әкісінің таңдауын жергілікті көрермен спектакльді тамашалап біле алады. Жалпы, спектакльдің 70 пайызы симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалған әннен тұрады. Сонысымен де туынды ерекше, әуезді әрі әдемі шықты.

– Қойылым жоғары дәрежеде өтуде. Маған ұнады.

– Спекталь жақсы, ұнап жатыр. Қаншама қазақтың әндерін тыңдадық.

– Бұл – көрерменге сарказм арқылы үлкендерді құрметтеу мен салт-дәстүрді сақтауды үйретеді деген ойдамын.

Эльмира Садвокасова