Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық әкімдікте аппараттық отырыс өтті

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Зылиза Тұрсынғалиқызы – еңбек жолын 1984 жылы өндірісте бастады. 2005-2014 жылдары Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бөлім басшысы қызметін атқарды. 14-ші жылдан Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Бүгінгі жиында 3 сауал қаралмақ. Оның алғашқысы облыстағы индустриалды – инновациялық даму бағдарламаларының жүзеге асырылуы. Ағымдағы жылдың 6 айында өңірдегі жалпы өнім 384 млрд теңгені құрапты. Оның 17,5 пайызы өнеркәсіптік кәсіпорындарға тиесілі.

Жанат Сәдуақасов – СҚО индустриалды – инновациялық даму басқармасының басшысы:

– Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың алғашқы жарты жылдығымен салыстырғанда 101,3 пайызға жоғары. Өнеркәсіпте 113 млрд теңгенің тауары шығарылды. 9 айдың қорытындысына келетін болсақ 8 бірдей салада алға басушылық бар. Әсіресе, өңірдегі машина жасау, жиһаз шығару бағытында жақсы жұмыс атқарылула. Кейбір салалаларда өндіріс бәсеңсіп қалған.

Металургия мен химия өнеркәсібі “Әулие Голд Майнинг” кәсіпорыны мен Петропавл құбыр зауыттарының нәтижесіз жұмысы салдарынан төмендеп отыр. Соңғы өндіріс ошағы былтыр 1 млрд 100 млн теңгенің тауарын шығарыпты. Ал, биыл өнім көлемі 10 есе азайып отыр. Жеке инвестиция тарту көрсеткіші төмен. Әсіресе, Шал Ақын ауданында жоспардағы жұмыс тиісті деңгейде атқарылмай жатыр.

Нұрлан Есімов – Шал ақын ауданы әкімі:

– Біздің ауданның шаруалары өткен жылы 20 комбайн сатып алды. Техниканы алуға 3 жарым млрд теңге жұмсалды. Ал биыл ешқандай сатып алу жұмыстары жүргізілген жоқ. Сол себепті инвестиция көлемі төмен болып отыр. Қазір аудан қазынаса 2,5 млрд теңге ақша түсті. Бұл қаржы жеке кәсіпкерлердің есебінен құйылуда.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Биылғы жыл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін сәтті болды. Мол өнім жиылды. Сол себепті тиісінше жеке инвестиция көлемі де жоғары болуы тиіс. Аудан әкімдері бірінші кезекте инвестиция тарту үшін жұмыс атқаруы керек. Сонда облыстық көрсеткіш те жоғары болады.

Өңірдегі индустриалды – инновациялық даму бағдарламаларының жүзеге асуы үшін кәсіпорындар өнім көлемін арттыруы тиіс. Осы ретте олардың заманауи талапқа сай жарақтануы маңызды рөл атқарады. Биыл теріскейдегі “Петропавл ауыр машина жасау” және “Киров” атындағы зауыт технологиялық жаңғыртудан өтпек. Аталған өндіріс ошақтарын қондырғылармен қамту үшін мемлекеттен ақша да бөлінетін болған. Алайда, жұмыс баяу жүргізіліп отырған көрінеді.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Премьер министрмен болған кездесуде “Петропавл ауыр машина жасау” зауытын жаңғыртуға 4 млрд теңге, “Киров” атындағы өндіріс ошағына жаңа қондырғылар сатып алуға 2 млрд теңге бөлуге келіскенбіз. Құжаттарды рәсімдеу ұзаққа созылып жатыр. Жыл соңына дейін ақша алып жоспарды орындау керекпіз. Қондырғыларды алсақ өнім көлемі артады, жұмыс орындары пайда болады.

Облыстың бір қатар аудандарында да индустрияландыру картасы бағдарласмасы аясында жүйелі жұмыс жүргізілмеуде. Әсіресе, Есіл, Ақжар сынды аудандарда бірде-бір жоба қолға алынбапты. Талшықта диірмен кешені салынбақ екен. Бірақ, нысан бой көтермек түгілі ірге тасы да қаланбапты. Мұны өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов сынға алды.

Петропавлда іс тоқтап қалған өндірістік ғимараттардың саны 60-тан асыпты. Олар қаңырап бос тұр екен. Аймақ басшысы қала әкімі Марат Тасмағанбетовке мемлекеттік бағдарламалар аясында осы нысандарды іске жаратуды тапсырды. Аппараттық отырыста Солтүстік Қазақстандағы туризм саласын дамыту шаралары да сөз болды. Демалушыларды теріскейге тарту үшін табиғаты шұрайлы Айыртау ауданда ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

Құралай Жарова – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

– Арықбалық-Саумалкөл, Саумалкөл-Зеренді, Айыртау-Шалқар бағыттарында 42 шақырым жол жөнделмек. Бұл бағыттардың барлығы демалыс орындарына апарады. Жұмыстарды толық жүргізу үшін 25 млр теңге жұмсалмақ. Бұнымен қатар, Имантау көЛінде лагер тұрғызылады. Этно-ауыл да бой көтермек.

Тағы, өңірдегі Есіл, Қызылжар, Тайынша аудандарында да демалыс орындары бар. Оларға да туристер жиі барып демалады. Осы ретте Құмар Ақсақалов өңірдегі барлық туристік базалардың санитарлық талаптардың мүлде сақталмауын айтты. Бірнеше демалыс орындарын ашқанша, заманауи жарақалған бір нысанды іске қосу керектігін айтты. Бұдан бөлек, Петропавлда шаңғы базасы да іске қосылмай тұр. Ғимаратқа электр желілерін тарту керек. Ол үшін 4 жарым млн теңге қажет.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Біз қала бюджеті есебінен уақытша электр желісін тартып береміз. Кейін, қаржы бөлінгесін жауапты мамандар істі аяғына дейін жеткізеді.

Туризм саласын дамыту үшін өңір кәсіпкерлері мемлекеттік бағдарламаларды қолдануы тиіс. Осы ретте Құмар Ақсақалов аудан әкімдеріне тиімді жобаларды халыққа жеткізудің маңызын айтып кетті. Өткен жұмада сиыр еті мен ірімшік қымбаттапты. Алғашқы тұтымдағы азық-түлік құны өспепті. Аймақ басшысы бағаның шарықтауына жол бермеу керектігін айтты. Қазір оған әр сенбі сайын өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрсмеңкелері мүмкіндік беріп отыр.

 

Култанов Байболат