Спорт

«Қызыл-Жар СҚ» ФК маусымдағы соңғы ойынын өткізді

Десе де күнің суықтығына қарамастан келген жанкүйерлер жеңіс күтеді. Сондықтан алғашқы тайм тартысты басталды. Екі жақ та белсенді шабуылға көшіп, бір-бірінің қақпасын торуылдаумен болды. Тек одан нәтиже болмады. Сөйтіп, үзіліске олар тең есеппен тарқасты.

– Біздікілер Екібастұз командасын жеңеді деп ойлаймын. Оларға рахмет.

– Біздің команда жеңеді деп ойлаймын. Алға «Қызыл-Жар СҚ.

Екінші тайм да белсенді басталды. Шабуылын үдеткен қарсыластар алғашқы минуттардан-ақ, қызылжарлық қақпадан саңылау тапты. Гол авторы – Джабраил Джамаришвили. Есені қайтару үшін «Қызыл-Жар СҚ» құрамасы қарқынды іске кірісіп кетті. Нәтиже көп күттірмеді. Темирлан Элмурзаев көзге түсіп, екібастұздықтарға гол соқты.

Көп ұзамай қызылжарлықтар алға шықты. Айыпдобын орындаған команда капитаны – Али Алиев білгенінен жаңылмай, таблодағы көрсеткішті 2-де 1 ғып, есепті еселей түсті. Тартысты ойынның негізгі уақытына төрешілер қосымша 3 минут қосты. Ол «Екібастұз» футбол құрамасына есепті теңестіруге мүмкіндік берді. Допты қақапаға дәл бағыттаған – Иван Панасенко. Сөйтіп, бір біріне есе жібергісі келмеген қос команда жанкүйерлерге қызықты ойын өрнегін көрсетіп матчты тең нәтиже, 2-2-мен аяқтады.

Али Алиев – «Қызыл-Жар СҚ» ФК капитаны:

– Маусым біздер үшін өте ауыр болды. Қарсыластарымыздың барлығы мықты. Тартысты ойындар көп болды. Футболшыларды қолдаған барлық жанкүйерлер мен жаттықтырушыларға алғысымыз шексіз. Алдағы жылы дайындығымызды шыңдап, бұдан да зор нәтижелерге қол жеткізуге тырысамыз.

Шынымен де, жергілікті аяқдоп шеберлеріне алдағы жылы тыңғылықты дайындық керек-ақ. Оны маусымды қортындылаған бас бапкер Владимир Фомичев те айтып отыр.

Владимир Фомичев – «Қызыл-Жар СҚ» ФК бас бапкері:

– Маусымды сәтсіз бастасақ та кейін жинала білдік. Қойылған тапсырмалады орындап, Премьер лигаға жолдама алдық. Бұл командаға артылған үлкен жауапкершілік. Сондықтан алдағы уақытта қарқынды дайындалып, келер жылы жақсы көрсеткіштерге ұмтыламыз.

Әрине кілең мықтылармен өнер көрсету оңай емес. Оған тыңғылықты дайындық аздық етеді. Ең бастысы қаржы мәселесін бір жақты ету керек. Ол жайында футболшыларды құттықтаған облыс әкімі Құмар Ақсақалов айтты.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Жанкүйерлер, барлық облыс тұрғындары осы жаңалықты асыға күтті. Біздер өте қуанытшымыз. Алдағы уақытта біздің құрама еліміздің мықты футболшыларымен ойнайтын болады. Олар соған лайықты.

Ал кейін қала әкімі Марат Тасмағанбетов пен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Азамат Айтқожин алаңда орнатылған сахнаға футболшыларымызды шақырып, оларға күміс медальдарын табыс етті.

Өңір жетекшісінің батасын алған аяқдоп шеберлері өз қуаныштартын жасыра алар емес. 8 жыл. Нақ осынша уақыт жергілікті құрама мықты командалармен иық тірестіріп ойнаған емеспіз. Енді міне, «Қызыл-Жар СҚ» үшін үлкен мүмкіндік туып отыр.

 

Магжан Ахмадина