Балалар

СҚО әкімі кубогіне арналған КВН фестивалінің іріктеу кезеңі өтті

Ерсұлтан Уаис – “Сәбіз” құрамасының капитаны, Айыртау ауданы:

– Қызылжардың қаһарлы қысына көктемдей көңіл-күй сыйлаған көңілді т апқырлар клубы бүгін өз жұмысын бастады. Аудандардан оқушыларды жинап, команда құрып биылғы маусымға нық қадаммаен келген жайымыз бар.

КВН ойыны фристайл жанрында өтті. Командаларға өнерлерін көрсету үшін 7-8 минут берілген болатын. Жалпы сайысқа Петропавл қаласының құрамалары мен облысымыздың аудандарынан 14 команда жиылды. Құрамалардың әзіл-қалжыңдарын 5 адамнан құралған қазылар алқасы бағалауда. Олар сахнадағы өнерпаздардың сахна мәдениеті мен сөз саптауына ерекше мән берді.

Евгений Пеньков – Облыстық КВН лигасының жетекшісі:

– Бүгін облыс әкімінің кубогі ойынына іріктеу кезеңін өткізіп жатырмыз. Бұл ойын қараша айында өтеді. Қазақстан құрамаларымен қатар, Ресейден келетін қонақтарымыз да қатысады. Жалпы бүгінгі ойын “Мир вокруг нас” деген тақырып төңірегінде өтіп жатыр.

Барлық командалар сайысқа жоғары дайындықпен келгендерін көрсете білді. Десе де тартысты өткен ойынның басты жүлдесін “7 up” құрамасы жеңіп алды. 2 орынға Әскери институт командасы ие болса, “Сәбіз” құрамасы 3 орынға табан тіреді. Айта кетейік, жүлделі орындарға ие болған команда облыстық әкім кубогіне жолдама алады.