Қоғам

Қарты бар ел – қазыналы ел

Ал, зейнетке шыққан соң теріскейге көшіп келіпті. Осыдан 3 жыл бұрын өмірлік серігінен айырылған. Балалары да жоқ. Сондықтан, көмекті тек белсенді жастар мен әлеуметтік қызметкерлерден күтеді. Соңғылары аптасына екі рет келіп, үйін жинастырады екен.

Василий Богун – тыл еңбеккері:


–  Үлкен көмекке зәрумін деп айта алмаймын. Үйім орталықтандырылған жылыту және су жүйесіне қосылған. Сондықтан, пеш жағып, су тасып қиналудың қажеті жоқ. Аулада жұмыс жасау керек болса, жасотандықтарға хабарласам. Келіп, көмектеседі.

Бүгін де жасотандықтар дәстүрге сай азаматқа қолғабыс етуде. Қыздар баспананың кіре берісін жинастырса, ұлдар жағы ауладағы қарды тазалауға кірісті.

Динара Рақым- “Жас Отан” ЖҚ белсендісі:


–  Бұндай шараны біз маңызды деп санаймыз. Әрқашан қарт кісілерге шамамыз келгенше көмектесуіміз қажет. Себебі, олар бізге бейбіт өмір сыйлаған жандар.

Жалпы, осындай шараларға “Жас Отан” белсенділері 2013 жылдан бастап қатысуда. Алдағы қараша айында еріктілер 10 қарияға көмекке бармақ.

 

Эльмира Садвокасова