МТРА жаңалықтары

Бүгінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы артуда

Жанат Сәдуақасов – СҚО индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:

– Мемлекеттік қызметті пайдаланғандардың бірі австралиялық “Iluka” компаниясы. Олар облыстағы 6 ауданда жер қойнауын барлау жұмысын жүргізеді. Қазір Ғ.Мүсірепов ауданында жұмыс жасап жатыр. Барлау аяқталғаннан кейін тиісті сараптамалар жүргізіліп, алдағы уақытта қажетті зауытты тұрғызу жөнінде шешім қабылданады. Әзірге барлау жұмыстары өз нәтижесін берер емес.

Ал кәсіпкерлік және туризм басқармасы 7 бірдей мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның дені бизнес саласына тиесілі. Асқан сұранысқа иесі – “Бизнестің жол картасы 2020” бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында несиенің сыйақылық мөлшерлемесін субсидиялау қызметі.

Құралай Жарова – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

 

– Бұл қызметті қаңтар-қыркүйек аралығында 126 кәсіпкер пайдаланды. Субсидияның жалпы сомасы 12 млрд теңге. Осы аралықта 133 өтініш келіп түссе, 126-ын ғана мақұлдадық. Қалған 7-уі әкелген құжаттарында бұл бизнестің тиімділігін көрсетпеген.

Ал оның тиімділігі жаңа жұмыс орындарының ашылуында екен. Бұл көрсеткіш кем дегенде 10 пайыз болу қажет. Ал брифингте сөз тізгінін соңғы болып алған қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Евгения Сальникова 9 ай ішінде бірде-бір мемлекеттік қызметке өтініш келіп түспеді деп қысқа қайырды. Сапа бойынша да ешқандай шағымдар да айтылмағандығын абыроймен атады. Ол енді заңдылық. Өтініш келмесе, ол жалы шағым да болматыны анық.

Риат Шони