Ауыл шаруашылығы

“Алекри” құс кешені жылдық өнім көлемін ұлғайтты

Олардың азығын мамандар өздері дайындайды екен. Бұл үшін жыл сайын 7 мың га жерге егін егеді. Тауықтардың бір жылдық жеміне шамамен 13 мың тоннадай бидай қажет.

Александр Саможенов – “Фирма Алекри” ЖШС құс кешенінің механигі:

– Жиылған егінді кептіру үшін биыл арнайы қондырғы орнаттық. Бұрындары элеваторларға апаратынбыз. Кептіргішті биоотынмен жағылатын қазандық көмегімен жылытамыз. Бұл мақсатта биыл 1 мың га жерге зығыр ектік. 3000 сабан орамасын дайындап қойдық. Бір жылға жетуі тиіс.

Тауықтарға арналған құрама жемге 12 түрлі азық кіреді. Оның ішінде түрлі витамин, майлар мен дәнді-дақылдар бар. Фирма аумағында 8 цех жұмыс істейді. Екеуі жас тауықтарға арналған. 90 күн бойы сонда өсіріліп, кейін басты корпусқа жіберіледі. Бұл аталған нысандардың бірі. Жалпы, серіктестік 3 түрлі тауыққа басымдық береді. Оларды Ресейдің Екатеринбург қаласынан сатып алады екен. Ал, 6 корпустан жиылған сұрыптау цехіне жіберіледі.

Әзірге, мұнда бір ғана жолақ істеп тұр. Алайда, жұмысты еңсеріп үлгермейді екен.

Виталий Рубас – “Фирма Алекри” ЖШС құс кешенінің технологы:

– Өткен жылдары жылына 140 млн жұмыртқаны сатылымға шығардық. Биыл бұл көрсеткішті тағы 10 млнға арттыруда көздеп отырмыз. Біршама уақыттан кейін “Анаконда” қондырғысына бір жолақ қосып, сұрыптау цехін кеңейтпекпіз.

Серіктестікте бүгінде 120-дан астам маман қызмет етуде.

Эльмира Сәдуақасова