Білім

Петропавлда жаңартылған білім беру мазмұны төңірегінде республикалық семинар өтті

Сол себепті бұл білім ошағы мұғалімдерінің тәжірбиесі мол. Олар жаңашылдықтың қыр-сырын жақсы біледі. Бүгінде көршілес өңірдің мамандары Қазақстанның әр қаласын аралап, семинар-тренигтер өткізіп жүр. Осы ұстаздар бүгінгі ұйымдастырылып отырған жиынға да қатысып отыр. Бастауыш сынып мұғалімі Айнұр Сабдина теріскейлік әріптестеріне бағалаудың әдіс-тәсілдерін түсіндірмек.

Айнұр Сабдина – Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бастауыш сынып мұғалім:


–  Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойындағы белгілі бір бөлімде, сабақ үстінде жүргізіледі. Осы бағалау арқылы бала өзінің деңгейін нақты біледі алады. Осылайша оқушы сабақты қаншалықты біле аламын, қаншалықты көмек керек екендігін ұғынады. Оған мұғалім көмек көрсетіп отырса жиынтық бағалау кезінде баға жоғары болады.

Тағы, жиында онлай-режимде дәріс оқылды. Шара қатысушыларына ғаламтор арқылы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академиясымен бірлесе жаңартылған оқыту бағдарламасын құрастырушы “Білім беру орталығының” өкілдері тікелей байланысқа шықты. Олар жергілікті ұстаздарға топ болып жұмыс істеу, зерттеу дағдыларын меңгеру жайында әңгімеледі. Бұл семинардан теріскейлік мұғалімдердің алары мол.

Ақмарал Ілиясова – “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы “СҚО ПҚ БАИ” мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы:


–  Жалпы білім беретін мектептердің ұстаздарға бұл семинар үлкен тәжірбие әкеледі. Олар бастауыш сыныптардағы оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарастырып, инновациялық стратегиялардың қажетті тұстарын өздеріне алатын болады.

Айта кетейік, жаңартылған білім беру мазмұны төңірегінде workshop STI форматындағы республикалық семинарға 80-нен аса ұстаз қатысты.

Байболат  Култанов