Спорт

Петропавлда тау шаңғы кешені ашылады

Василий Шунько – тау шаңғы кешенінің директоры:

– Біз тау шаңғы құламасын жасап бітірдік. Оның ұзындығы 300 метр. Арқанжол да дайын. Қажетті нысандарды тұрғызып, құрылығылардың бәрін сатып алдық. Бұл кешеннің кәсіби спортшыларға да, әуесқойларға да берері мол.

Бір қарағанда құрылыс жоспарға сай, тиісті деңгейде жүріп жатқан сияқты. Алайда бұл жерде де кемшіліксіз болмады. Құрылыс алаңына электр энергиясы өткізілмеген. Сондықтан маңызды жұмыстар әзірге тоқтап тұр.

Василий Шунько – тау шаңғы кешенінің директоры:


– Бұл мәселені облысытық атқарушы органдар шешеміз деп уәде берген. Электр қуатын қажет етпейтін жұмыстардың бәрін тындырып қойдық. Алайда қазір арқанжолдың арқанын тарта алмай отырмын. Электр энергиясын берсе маған жұмыстарды толығымен аяқтау үшін тек 3 күн керек. Кейін база тұрғындардың игілігі үшін жұмыс жасауға дайын болады.

Бұл мәселе оң шешімін тапса, қар түскенен кейін кешен экстремал петропавлдықтардың сүйікті демалыс орнына айналмақ. Мұнда 100-ден аса шаңғы мен сноуборд жалға берілетін болады. Олардың бәрі Еуропадан әкелінген. Тұрғындарға 10-ға жуық білікті нұсқаушы қызмет көрсетеді. Жабдықтарды жалға алудың бір сағаты 3500 теңгені құрамақ. Өз шаңғысымен келгендер тек арқанжолды қолдану ақысын ғана төлейді. Ал сол арқанжол арқылы құламаға бір рет көтерілу 150 теңге болады. Жобаны жүзеге асыру үшін қанша қаржы құйылғанын біз біле алмадық. Белгілісі, кешенді салу үшін Василий Шунько мемлекет көмегіне жүгінбеген. Бәрі өз қаражаты.

Василий Шунько – тау шаңғы кешенінің директоры:


– Келесі жылы кешен тіпті адам танымастай өзгермек. Бұл жерде үш қабатты ғимарат тұрғызу жоспарда. Ал құлама сол ғимараттың төбесінен бастау алады. Коньки тебуді жаны сүйетіндер үшін табиғи мұз айдынын жасаймыз. Ал тұрғызылған ғимараттың ішінде альпинистерге арналған алып қабырға орнтапақпыз. Балаларға арналған сырғанақ болады. Бір сөзбен айқанда белсенді демалыс пен экстермалдар үшін таптырмас база болады.

Тау шаңғы кешенін салу туралы жерлесіміз алғаш рет 25 жыл бұрын ойластырған екен. Алайда, ол кезде жер телімін жалға алу мәселесі бөгет болыпты. Енді көп ұзамай оның арманы іске аспақшы. Василий Шунько қала мектептерімен тығыз жұмыс жасауға дайын. Білім ошақтары қысқы дене шынықтыру сабақтарын бұл кешенде өткізіп тұрса игі дейді ол.

Саят Ермек