Спорт

Петропавлда бокстан қалалық турнир бастау алды

Нұрлан Әбдірахманов – бокстан БЖСМ директоры:

– Біріншілікке 65 боксшы қатысуда. Олар қалалық спорт мектептерінің тәрбиеленушілері. Араларында шаршы алаңға алғаш рет шығып жатқандары да бар. Жеңімпаздарды 15 салмақ дәрежесі бойынша анықтайтын боламыз.

Шаршы алаңдағы қарсыласына соққыларын жаудырып жатқан жас боксер-Саид Гараев. Ол көк түсті формада. Жеткіншек спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі. Бокспен айналысып жүргеніне тек 1 жыл ғана. Алайда бұған сену қиын. Оппонетін айқын басымдылықпен жеңді.

Саид Гараев, жарысқа қатысушы:


– Бұл менің бірінші турнирім. Қатты қобалжыдым. Қарсыласым осал болмады, соққылары қатты. Алайда қорғанысы мықты болмады. Сондықтан мен жеңдім.

Балғындардың бірінішілігіне болат жұдырықты жерлес боксер Жанат Жақиянов та келді.

Жанат Жақиянов – кәсіпқой боксшы:


– Мұндай турнирлерді жиі өткізіп тұру керек. Ол балалардың дәрежесін бірашама көтереді.

Біріншілік 2 күнге созылмақ. Жеңімпаздар облыс құрамасына іріктеледі.

 

Саят Ермек